Камалдин компаниямен келіспегенін мәлімдеді.
– Мен бүгін ақшамды қайтару үшін RAMS компаниясын ресми түрде сотқа беремін, — деді ол.
Ол сондай-ақ осы құрылыс компаниясынан баспана алмауға кеңес берді. Бұдан басқа, ол блогерлерді RAMS-ке жарнама жасамауға шақырды.
– Біз RAMS мәселелері жөнінде фильм түсіреміз. Қазір әрбір үшінші адам осы компанияны сотқа беріп жатыр, — деп қосты ол.
Rams – Қазақстандағы ірі құрылыс компанияларының бірі. Компанияның бенефициар иесі – Фарук Булбул. Ол Rams Qazaqstan компаниясының бас директоры.