Фото: Instagram/danapartner_
Бүгін, 2025 жылдың 25 қаңтарында әлеуметтік желілерде қазақстандық продюсер, қоғам қайраткері, журналист және жазушы Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. Алматы полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Оңтүстік астананың полиция департаменті тергеу бөлімі Орманбаеваға қатысты «ұлтаралық араздықты қоздыру» фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын атап өтті.
«Сот «қамау» түріндегі сырттай бұлтартпау шарасын санкциялады, сонымен бірге күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды»,-делінген Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінде.
Дубайда тұратын Орманбаева халықаралық іздеу туралы хабарға жауап берді:
«Достар, менің іздеуім туралы жаңалықтарға бірден жауап бергендеріңіз үшін рахмет, хабарламаларыңыз бен қолдауларыңыз үшін, қоңырауларыңыз үшін рахмет», — деп жазды Дана Instagram парақшасында.