Сырттай 17 жылға сотталған Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев Ұлыбритания астанасында сакура гүлдерінің әсемдігін тамашалап, серуендеген видеосын жариялады. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Рысқалиев гүлденген шие ағаштарының астында жүргені байқалады,деп хабарлайды Todayinfo.kz
Бірнеше жылдан бері Лондонда тұрып жатқан Рысқалиев бұған дейін де қала орталығында көзге түскен. Әсіресе, оның Burberry дүкенінің алдында президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинмен бірге түскен суреті желіде қызу талқыланған еді. Айта кетсек, Мусин қазір Черногория азаматтығын алып, Еуропада өмір сүріп жатыр.
Сонымен қатар, жақында Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің Жапониядағы сакура маусымына тамсанған видеосы да әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Еске сала кетейік, Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласы мен облысының әкімі болды. 2012 жылы қызметінен кеткен соң, оған жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру айыптары тағылды. Бес жылға созылған тергеуден кейін 2019 жылы сот оны сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырды. Оның ағасы Аманжан Рысқалиев те 16 жылға сотталған.
2020 жылы тәркіленген мүліктің бір бөлігі Рысқалиевтер отбасына қайтарылғанымен, Бас прокуратура бұл шешімге қарсы кассациялық шағым түсіріп, Жоғарғы сот прокуратураның талаптарын қанағаттандырды.
@bergey_ryskaliyev♬ оригинальный звук — Bergey Ryskaliyev