Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Бір миллион теңге: Қарағанды облысында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды

1 Желтоқсан, 2025

«Қытай қаптап, қазақ далада қалды»: Ауыт Мұқибек көші-қон саясатын сынға алды (ВИДЕО)

1 Желтоқсан, 2025

18 медаль: Республикалық олимпиада Алматы облысының оқушылары жоғары жетістікке жетті

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Бір миллион теңге: Қарағанды облысында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды
  • «Қытай қаптап, қазақ далада қалды»: Ауыт Мұқибек көші-қон саясатын сынға алды (ВИДЕО)
  • 18 медаль: Республикалық олимпиада Алматы облысының оқушылары жоғары жетістікке жетті
  • Жамбыл облысында дарынды ұлдарға арналған алғашқы Әскери мектеп-интернаты ашылмақ
  • Тараз, Шу қалаларының 9 тұрғын алқабында және 24 ауылдық елді мекенде ауыз сумен жабдықтау жүйелері жаңартылып жатыр
  • «Қызға обал»: Өзінен 30 жас кіші әйелге үйленген ер адам қызу талқыға түсті
  • Жамбыл облысында 140 жас отбасыға баспана берілді
  • Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Берік Уәли Абайдың 180 жылдығына байланысты іс-шараларды облыстың зиялы қауым өкілдерімен ақылдасты

Берік Уәли Абайдың 180 жылдығына байланысты іс-шараларды облыстың зиялы қауым өкілдерімен ақылдасты

9 Шілде, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Атап айтқанда, бұған дейін Абайдың бірнеше мерейтойларын ұйымдастыруға атсалысқан сол кездегі тәжірибелі мамандар, қазіргі аймақ ақсақалдарымен арнайы кеңес өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жүздесудің басты мақсаты – елдік маңызы бар тойды халықтың өзімен кеңесе отырып өткізу, алдыңғы буынның ақыл-кеңесіне жүгіну.

Кездесуді ашқан аймақ басшысы алдымен бұл мерейтойдың тек бір өңірдің емес, тұтас елдің рухани мерейлі межесі екенін айтты.

«Абай – біздің ұлттық идеямыздың, бірлігіміз бен болмысымыздың символы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абайдың 180 жылдығын лайықты атап өтуіміз керек» деген болатын. Облысымыз құрылғаннан бері алғаш рет ұлы Абайдың мерейтойын кең көлемде атап өтуге мүмкіндік туып отыр. Бұл – тарихи жауапкершілік. Осы жауапты кезеңде Сіздермен арнайы ақылдасқымыз келіп отыр. Себебі, осыған дейін өткен Абайдың мерейтойларын өздеріңіздей аға буын абыроймен ұйымдастырды. Ол тәжірибелеріңіз бізге аса қажет», — деді облыс әкімі.

Жиында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан, Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев мерейтойға арналған онкүндіктің бағдарламасымен таныстырды. 1 тамыз бен 10 тамыз аралығында Абайдың 180 жылдығына орай 30-дан астам ауқымды іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Мерекелік іс-шаралар Семей қаласы, Абай ауданы және өңірдің өзге де аудандарында өтеді.

Мерейтой бағдарламасымен танысқан зиялы қауым өкілдері Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының мазмұнды екенін атап өтті.

«Бағдарламаны толығымен қолдаймыз. Барлығы пысықталған, мұқият талқыланған. Осы бағдарламаның 100 пайыз, толық орындалғанын қалаймыз», — деді абайтанушы ғалым Арап Еспенбетов.

«Абайдың 180 жылдық мерейтойының халқымыз үшін, Абай облысының тұрғындары үшін мәні зор. Бүгін таныстырылған бағдарлама, іс-шаралар жоспарының тағылымды тұстарының мол екенін байқадық. Мерейтойдың жоғары деңгейде өтуіне тілектеспіз», – деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Әлин.

Жиында зиялы қауым өкілдері Абайдың 180 жылдығына байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі жиында айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы ескертілетінін айтты. Мерейтойға арналған онкүндіктің бағдарламасы алдағы аптада баспасөз мәслихаты арқылы толық жарияланатын болады.

Оқылып жатыр

Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті

Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды

Ақсуаттағы ағайынға жақсы жаңалық: Абай облысында жаңа спорт нысандары салынып жатыр

Мақаншы ауданында жаңа медициналық-фельдшерлік пункт ашылды

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне мерзімінен бұрын қайтарылды

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Соңғы жазбалар

Бір миллион теңге: Қарағанды облысында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды

1 Желтоқсан, 2025

«Қытай қаптап, қазақ далада қалды»: Ауыт Мұқибек көші-қон саясатын сынға алды (ВИДЕО)

1 Желтоқсан, 2025

18 медаль: Республикалық олимпиада Алматы облысының оқушылары жоғары жетістікке жетті

1 Желтоқсан, 2025

Жамбыл облысында дарынды ұлдарға арналған алғашқы Әскери мектеп-интернаты ашылмақ

1 Желтоқсан, 2025

Тараз, Шу қалаларының 9 тұрғын алқабында және 24 ауылдық елді мекенде ауыз сумен жабдықтау жүйелері жаңартылып жатыр

1 Желтоқсан, 2025

«Қызға обал»: Өзінен 30 жас кіші әйелге үйленген ер адам қызу талқыға түсті

1 Желтоқсан, 2025

Жамбыл облысында 140 жас отбасыға баспана берілді

1 Желтоқсан, 2025

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.