Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Берік Уәли егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтарға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты

Берік Уәли егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтарға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты

3 Мамыр, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына келді. Аймақ басшысы жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар нысандарды аралап, егіс науқанына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкпекті ауылындағы 2014 жылы құрылған «Элита» шаруа қожалығы егін шаруашылығымен шұғылданады. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұндағы ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы ауданы 6 мың гектарға жуықтайды. Оның 5 657,3 гектары — егістік. Жылына 10 мың тоннадан астам бидай мен күнбағыс өндіріледі. Шаруашылықтың техника паркі жыл сайын жаңа заманауи техникалармен жаңартылып келеді. Кәсіпорында астық сақтайтын ангар мен өнімді өңдеуге арналған қажетті жабдықтар да бар.

Шаруа қожалығының басшысы Виктор Виничук  облыс әкімін шаруашылық қызметімен, дән сақтайтын қоймаларымен таныстырып, егіс науқанына дайын екендерін жеткізді.

Облыс әкімі Қарамойыл ауылындағы «Талап» шаруа қожалығының егіс алқабында да болды. 1997 жылдан бері жұмыс істейтін шаруашылықтың негізгі бағыты – егін және мал шаруашылығы. Шаруашылық биыл 7674 гектарға күнбағыс, арпа, бидай, сұлы және көпжылдық шөп егуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда мұнда 50-ге жуық адам еңбек етеді. 151 ауыл шаруашылық техникасы бар. Қожалықта мал басын көбейту және өнім сапасын арттыру бағытында да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Көкпекті ауданында биыл 95,1 мың гектар алқапқа дән себіледі. Егіс жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Көкпекті — өңіріміздегі жері шұрайлы, егін шаруашылығы жақсы дамыған аудандардың бірі. Өңір шаруашылықтары астық түсімін арттыру үшін жаңа, заманауи технологияларды енгізуде. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Екі шаруа қожалығына облыс әкімдігі тарапынан барлық қолдауды көрсетеміз» деді облыс әкімі.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.