Абай облысының әкімі Берік Уәли Ресейдің Барнаул қаласында өткен қазақ тойынан әсерлі видеомен бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Тойдағы сәт
Instagram-ға жүктелген бейнекадрларда қазақстандық қонақтар ұлттық киім киіп, қазақ әнімен кіріп, қолдарына мемлекеттік ту ұстап, дәстүрлі шашу рәсімін жасағаны көрінеді.
«Семейлік ағайындарымыз Ресейдің Барнауыл қаласына құдалыққа барып, еліміздің абыройын асқақтатып, достық пен туыстықтың үлгісін көрсетіп қайтыпты. Өзім осы видеоны көріп, қатты толқып әрі қуанып отырмын», – деп жазды Берік Уәли.
Қоғамның реакциясы
Желі қолданушылары бұл көрініске ерекше ықылас білдірді:
-
«Жарайсыңдар! Өз орыстарымыз! Қуаныштан көзге жас келеді екен!»
-
«Ұлттық киім киіп, шашу шашқандарына жүрегің жылиды. Салт-дәстүрлерімізді өзге елде ұлықтап жатыр»
-
«Семейліктер жарайсыңдар! Семейчане вы лучшие!»
Пікір қалдырушылардың айтуынша, шетелде жүріп қазақ дәстүрін дәріптеу – еліміздің мерейін үстем ететін қадам.
«Жерлестерім құдалықтан келген соң жеке қабылдап, ыстық ықыласымды білдіремін. Осындай игі іс – халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің айқын көрінісі» деді әкім.
View this post on Instagram