Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
  • Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған
  • 12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды
  • Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті
  • Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды
  • Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған
  • Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды
  • Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 24 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Берік Уәли Семейдегі «Мәңгілік алауға»гүл шоқтарын қойды

Берік Уәли Семейдегі «Мәңгілік алауға»гүл шоқтарын қойды

9 Мамыр, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы Абай облысында кең көлемде атап өтілуде. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Облыс орталығындағы Жеңіс саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Берік Уәли, ардагерлер, құқық қорғау органдары мен әскери бөлімдердің өкілдері, «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты.

Шара барысында Даңқ гирляндасы мен гүл себеттері қойылып, майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Облыс әкімі Жеңіс саябағында мерекеге орай дайындалған көрмені тамашалап, ардагерлермен бірге майдан ботқасынан дәм татты.

Мерекелік шара аясында жұртшылық назарына «Жеңіс күні» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Жергілікті өнерпаздар Мапруза Өтеуленова, Гүлдана Ноғайбаева, Нұрлан Тутунов, халықтық «Ахау Семей» ансамблі, «Ақбота» би студиясы, «Самрұқ» тобы және басқа да шығармашылық ұжымдар соғыс жылдарының әндерін орындады.

Бүгін кешкісін Орталық алаңда «Жеңіс жолы» атты мерекелік концерт өтеді. Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен оркестр солистері, «Тамаша», «Романтики», «Тұмар», «ContraSSt» би ансамбльдері, сондай-ақ Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония және Семей қалалық мәдениет сарайының әртістері өнер көрсетеді.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова, «Парасат» орденінің иегері Гүлдана Ноғайбаева, белгілі әнші Айқын Төлепберген және Маржан Арапбаева арнайы қонақ ретінде қатысады.

Кеш соңында көрермендерге Айқын Төлепбергеннің жеке шығармашылық бағдарламасы ұсынылады. Айта кетейік, Ұлы Жеңіс мерекесіне орай облыста 300-ге жуық іс-шара өтеді.

Оқылып жатыр

Абай облысында алғаш рет «Руханият-2025» сыйлығы табысталды

Абай облысында терезеден құлаудың алдын алу шараларын жүзеге асыруда

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті төртінші іріктеу басталады

Күншығыс дәстүрлі дипломатиясы: Берік Уәли бастаған делегацияға Қытай неге назар аударды?

Абай облысы мен Шыңжаң арасында жаңа ынтымақтастық кезеңі басталды

Берік Уәли ҚХР Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті

Соңғы жазбалар

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 4 айда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған

24 Мамыр, 2025

12 рет пышақтап, от қойған: Талдықорғанда өртенген қонақ үйден ресепшн қыздың мүрдесі табылды

24 Мамыр, 2025

Алматы облысында мектеп бітірген 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті

24 Мамыр, 2025

Алматыда үш жыл ішінде 620 км сумен жабдықтау желілері салынды

24 Мамыр, 2025

Шымкентте директор мен есепші 71 млн теңге жымқырған

24 Мамыр, 2025

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі талқыланды

24 Мамыр, 2025

Дархан Сатыбалды Алматының әкімі болып тағайындалды

24 Мамыр, 2025

Соңғы үш жылда Алматы қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң серпінін көрсетіп келеді

24 Мамыр, 2025

16 млн теңге: Бишімбаевтың әке-шешесі туыстарымен соттасып, өтемақы өндіріп алды

24 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.