Әлеуметтік желілерде Берлиндегі Мұстафа Шоқайдың зираты жуық арада бұзылуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Қорымдағы жағдай қандай?
Видео авторының айтуынша, қорымда санаулы ғана адамның зираты қалған және жергілікті билік бұл аумақты бұзу туралы шешім қабылдаған.
«Қазақстанға алып кетуге рұқсат, топырағымен бірге көшіріңіздер», – дейді видеодағы дауыс.
Ресми мәлімдеме
Бұл мәлімдемеге қатысты Сыртқы істер министрлігі (СІМ) 2023 жылы мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаған болатын.
«Елшілік қызметкерлері дереу зиратқа барып, ондағы жағдайды тексерді. Мұстафа Шоқайдың зираты ешқайда көшірілмейді. Сондықтан жалған ақпарат таратуды тоқтату керек», — деп еді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram