Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді
  • Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды
  • «Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді
  • Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті
  • «Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
  • «Он төрт жыл үмітімді үзбей келдім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбекпен ажырасуға өзі бірінші ажырасуға арыз берген
  • Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте
  • Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Бес сағат бойы ұрып-соқты, қорлады». Мәскеу моншасындағы оқиға: қырғыз азаматының көргені

«Бес сағат бойы ұрып-соқты, қорлады». Мәскеу моншасындағы оқиға: қырғыз азаматының көргені

15 апреля, 2025 Саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мәскеу полициясы көбіне қырғыз мигранттары баратын моншада рейд жүргізіп, келушілерді соққыға жыққан, азаптаған. Бұл туралы сол күні моншада болған қырғыз азаматтары айтып отыр. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі оқиғаны тергеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық сайты жазды.

Рейд кезінде моншада болған мигранттардың бірі оқиғаның қалай өрбігенін баяндап берді. Ресей ішкі істер министрлігі әзірге ешқандай ақпарат бермеді.

Мәскеуде бірнеше ай бойы такси көлігін жүргізетін Әлихан 10 сәуір күні күйеу баласы және ауылдасын алып моншаға барған. Оның сөзінше, жарты сағаттан бәз біреулер есікті күшпен ашып, шу шыққан.

«Іштегі адамдар дүрлігіп, қаша бастады. Бізде қаша жөнелдік. Бірақ ешкімді шығармады. Кейін олар барлығын соққыға жыға бастады. Кімнің ұрып жатқаны көрінбеді. Бас көтеруге мұрша бермеді. Қолдарында таяқ пен электрошокер болды. Барлығымызды ас бөлмесіне жинады. Дене бітімі мығым дегендерді бөліп алды. Арық, әлжуаздарды бір бөлмеде ұстады. Сақалы барларды басқа бөлмеге алып кетті. Бір жігіттің жарты сақалын сол жерде қырып тастады. Қарсылық танытып еді, бетінен бір қойды. Бізді не үшін ұрып жатқанын түсінбедік, құжатымызды да сұрамады. Бір жігіт тұрып «не үшін?» деп сұрап еді, оған: «Сендер бізге ұнамайсыңдар» деп жауап берді» дейді Әлихан.

Оның сөзінше, полицейлер моншадағыларды бес сағат бойы ұрып-соққан, тіпті түрлі азаптау әдістерін қолданған.

«Біреуінің қалтасынан насыбай тауып алды. Сөйтіп сол насыбайды бәрінің аузына тығып, жегізді. Кейбірін қол күрестіріп, жеңілгендерді соққыға жықты. Кейбірінің құжатын жыртып тастады. Киімшең болғандарды бассейнге секіртті. Кейбірінің қалтасындағы ақшаны тартып алды. Бір адамға жарты келі ащы бұрыш жегізді» дейді қырғыз азаматы.

Әлиханның айтуынша, бес сағаттан соң полицияның лауазымды шенділері келген. Олар болған жайтты туралы сұрақ қойған кезде мигранттарға ешкім тимеген. Куәгердің сөзінше, моншада 60-қа тарта қырғыз азаматы болған. Кейін олардың бәрін түрлі полиция бөлімдеріне алып кеткен. Әлиханды 1-2 сағат ұстап, босатқан. Ал оның күйеу баласы Байназарға айыппұл салған. Ол не үшін айыппұл салғанын түсінбеген.

«Оқуға да мүмкіндік бермеді, тек мәжбүрлі түрде қол қойдыртып, айыппұл төлетті. Әркімге әртүрлі айыппұл салды. Мен өзім бес мың (рубль) төледім. Құжаттарымның бәрі дұрыс болатын. Осыған дейін заң бұзбағанмын. Полиция бөлімінде бір тәуліктен аса уақыт болдық. Кейінгі сағаттарда елшілік өкілі келіп, бізді босататынын, бәрі жақсы болатынын айтты» дейді Байназар.

Қырғызстан Жогорку кеңешінің депутаты Жанарбек Акаев. 2023 жылғы қаңтар.
Қырғызстан Жогорку кеңешінің депутаты Жанарбек Акаев. 2023 жылғы қаңтар.

Қырғыз парламентінің депутаты Жанарбек Акаев мәлімдеме жасап, Қырғызстан Мәскеу моншасындағы жағдайға жауап қатуы қажет деді. Facebook-тегі парақшасында ол моншада түсірілді деген бірнеше видео жариялады.

«Биліктің, СІМ-нің, елшіліктің реакциясы қайда? Қайда! Жақында қырғыз кәсіпкерінің үйіне келіп, оны ұйымдасқан қылмыс тобының мүшелері мен террористерден де қатты соққыға жықты. Біз сонда ЕАЭО мүшесіміз, одақтаспыз, стратегиялық әріптеспіз деп қойып, жүздеген азаматымыздың таяқ жегені жайлы үнсіз отыра береміз бе? Шұғыл түрде қажет шараларды қабылдау керек! Өз жұмысын атқарып, бейбіт өмір кешіп жүргендерге қарсы жабайылық танытқан, зорлық жасаған Ресей құқық қорғау органы қызметкерлеріне жауапқа тарту керек, ал халыққа ақпарат берілуге тиіс! Қылмыс жасағандар өтемақы төлеп, кешірім сұрасын!» деді Ақаев.

12 сәуірде Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Мәскеу моншасындағы оқиғаны тергеп жатқанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеудегі Тимирязев аудандық полиция бөліміне қырғыз азаматтары жеткізілгені жайлы ақпарат алғаны, оларға құқықтық көрмек көрсетіп жатқаны жазылған. Қырғыз сыртқы істер министрлігі сондай-ақ Ресей полициясының моншада болған қырғыз азаматтарына қарсы әрекеттерін тексеріп жатырмыз деп хабарлады.

13 сәуір күні жаңа ақпарат шығып, ұсталғандардың ішінде төрт адам Қырғызстанға депортацияланатыны мәлім болды.

14 сәуір күні Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Ресейдің Бішкектегі елшісі Сергей Варкуновты шақыртып алып, оған моншадағы жағдай жөнінде нота тапсырды.

Ресей жыл басынан бері миграция заңнамасын қатайтып отыр. 5 ақпаннан бастап бақылауда болатын шетелдіктер тізімі іске қосылды. Ол тізімге кіргендердің құқығы елеулі түрде шектелмек. Бұл тізімге кірген мигранттар банк қызметін пайдалану, жылжымайтын мүлікті тіркеу, көлік басқару, некеге тұру секілді құқықтардан айырылады.

Осыдан соң көптеген қырғыз азаматы Азаттыққа шағып айтып, банк картасы істемей тұрғанын айтқан. Олар Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екенін алға тартып, қырғыз билігінен араша сұрады. Қырғызстан еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция министрлігінің кейінгі мәліметінше, Ресей миграция заңнамасын бұзды деп күдікке ілінген қырғыз азаматтарының саны 83 мыңға жеткен.

Сыртқы істер министрлігінің 2025 жылғы қаңтардағы мәліметі бойынша, Қырғызстанның 608 088 азаматы шетелде жүрген. Оның ішінде 376 907 адам Ресей миграция есебіне тұрған. Бұған Ресей шекарашылары қырғыз азаматтарын кері қайтарған жағдайлар тіркелген.

Оқылып жатыр

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды

Назарбаевтың жиені қос азаматтықпен ұсталды: Алтай Асқардың Кипр паспорты мен миллиардтаған мүлкі әшкереленді

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

Соңғы жазбалар

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025

Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

3 Қараша, 2025

«Таза Өскемен» мекемесінің экс-басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

3 Қараша, 2025

«Он төрт жыл үмітімді үзбей келдім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбекпен ажырасуға өзі бірінші ажырасуға арыз берген

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте

3 Қараша, 2025

Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды

3 Қараша, 2025

«Ресми түрде ажырастық»: Мөлдір Мұқанова көңілдесіне кеткен күйеуіне бола ұзақ уақыт балалары мен туыстарын алдаған

3 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.