Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Екі полицей қызметтік көлікпен бір-біріне соғып қаза тапты

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
  • Екі полицей қызметтік көлікпен бір-біріне соғып қаза тапты
  • Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті
  • Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады
  • «Жыныс мүшесіне таяқ тығып, зорлаған»: Алматы облысында жас қызды аяусыз қорлаған әйелдер қамауға алынды
  • Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады
  • Ешкім сатып алмай қойған Кәрім Мәсімовтың үйіне байланысты шешім шықты
  • Қалыңдық көйлегін тікті: Роза Әлқожа өзінің күміс тойын онлайн көрсететін болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 6 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінде республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында кең көлемді сенбілік өтті. Акция аясында 500-ге жуық адам бірігіп туған жерді көркейтуге үлес қосты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Ауыл көшелерін тазартуға мемлекеттік қызметшілер, «Қазақалтын» ЖШС ұжымы, шағын және орта бизнес өкілдері, жастар, еріктілер мен ауыл тұрғындары белсене қатысты.

«Кентімізде 5600 халық бар. Бүгін үлкені де, кішісі де бір кісідей сенбілікке атсалысып жатыр. Ауылымыздың тұрғындары да белсенділік танытып жатқаны қуантады. Президент Жолдауы аясында жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясына 500-дей адам қатысуда», – деді Бестөбе кентінің әкімі Сырым Кабай.

Акцияға жастар қауымы да ерекше серпін берді. Жастар ресурстық орталығы мен UNICEF волонтерлер орталығы өкілдері де сенбілікке белсене атсалысты.

«Біз бүгін Жастар ресурстық орталығы белсенділері болып, UNICEF волонтерлерімен бірлесіп сенбілікке қатысудамыз. Өзіміздің туған жерімізді аялау – азаматтық борышымыз. Ұлы ойшыл Абай атамыз айтқандай: “Егерде қоғамды өзгертем десең, өзіңнен баста”. Бүгінгі экологиялық акция сәтті өтуде, мұндай шаралар әлі де жалғаса береді деп сенемін», – деді Орталықтың фронт-офис басшысы Дидар Хамзин.

Жергілікті тұрғындар да туған ауылын көркейтуге ерекше ықылас білдірді. Зейнеткер, ауыл тұрғыны Ғабділманат Калимулин сенбілікке қатысып, бұл тазалық шарасының өте маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін, міне, бәріміз бірлесіп сенбілікке шықтық. Мен осы елдің тума баласымын, қазіргі уақытта кәсіпкермін. Ауылымыздың таза болғаны біз үшін өте маңызды. Өйткені көше таза болса, халқымыздың сана-сезімі де таза болады. Жастарға үлгі болайық деп, зейнеткер болсақ та қол ұшын тигізіп отырмыз. Еліміз дами берсін, көркейе берсін», – деді ол.

Кең көлемді сенбілік барысында кент көшелері мен қоғамдық аумақтар қоқыстан тазартылып, тазалық пен бірліктің жарқын үлгісі көрсетілді. Акция аясында 5мың куб қоқыс шығарылып, 10 техника жұмылдырылды. «Таза Қазақстан» сияқты экологиялық бастамалар қоғамда табиғатты қорғау – әр азаматтың күнделікті таңдауы екенін дәлелдеп отыр.

Оқылып жатыр

Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

Екі полицей қызметтік көлікпен бір-біріне соғып қаза тапты

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

«Жыныс мүшесіне таяқ тығып, зорлаған»: Алматы облысында жас қызды аяусыз қорлаған әйелдер қамауға алынды

Ешкім сатып алмай қойған Кәрім Мәсімовтың үйіне байланысты шешім шықты

Қалыңдық көйлегін тікті: Роза Әлқожа өзінің күміс тойын онлайн көрсететін болды

Соңғы жазбалар

Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Екі полицей қызметтік көлікпен бір-біріне соғып қаза тапты

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

6 Қыркүйек, 2025

«Жыныс мүшесіне таяқ тығып, зорлаған»: Алматы облысында жас қызды аяусыз қорлаған әйелдер қамауға алынды

6 Қыркүйек, 2025

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

6 Қыркүйек, 2025

Ешкім сатып алмай қойған Кәрім Мәсімовтың үйіне байланысты шешім шықты

6 Қыркүйек, 2025

Қалыңдық көйлегін тікті: Роза Әлқожа өзінің күміс тойын онлайн көрсететін болды

6 Қыркүйек, 2025

«Енді мені ұра алмайсыңдар»: Шымкентте сыныптастарынан үнемі таяқ жеген 14 жастағы бала өзіне қол салды

6 Қыркүйек, 2025

Шұғыл: 60 жыл сахнаға өмірін арнаған Қазақстанның халық әртісі өмірден өтті

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.