Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында ұлттық киімдерді кеңінен насихаттау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Президент Әз-Наурыз мейрамының маңыздылығына тоқталып, биылдан бастап Наурыз 14 наурыздан бастап он күн бойы тойланатынын атап өтті.
«Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, әр күнге нақты атау берілді. Әсіресе, «Ұлттық киім күні» қоғам тарапынан үлкен қолдау тапты. Қазіргі таңда мектептерде, түрлі мекемелер мен ірі компанияларда ұлттық киім кию дәстүрге айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы бет-жүзді толық тұмшалайтын қара киімдерден гөрі ұлттық киімдерді дәріптеудің маңызды екенін айтты.
«Әйелдердің дәстүрлі ұлттық киімі өте әсем көрінеді. Себебі ұлттық киім – біздің бірегей мәдени болмысымыздың маңызды бөлігі. Біз оны жан-жақты дәріптеуіміз керек», – деді Президент.
Ұлттық киімдерге сұраныс артып келеді
🔹 Ұлттық киімдерге деген қызығушылық жоғарылаған.
🔹 Тігін цехтары, жаңа брендтер мен дүкендер ашылып жатыр.
🔹 Ұлттық киім кию – күнделікті өмірдің бір бөлігіне айнала бастағаны атап өтілді.