Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

20 Қазан, 2025

«Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

20 Қазан, 2025

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ильхам Әлиев Ақордаға келді
  • «Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
  • Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды
  • Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Екінші шахмат Олимпиадасы басталды
  • Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы
  • БҚО-да жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған фестиваль өткізілді
  • Алматыда азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге бөлінді
  • Алматыда инфляция деңгейі бақылауда ұсталып отыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 20 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Big data Қазақстанның үшінші президентін анықтауы мүмкін бе?

20 Қазан, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазір Қазақстанда электронды сауда нарығы қарқынды дамып келеді. Биыл елдегі электронды сауда көлемі 5 трлн теңгеден асыпты. Бұл жалпы бөлшек сауданың 20 пайызын құрайды. Осылайша мобильді төлемдер жүйесі кеңейіп, халықтың онлайн сатып алу мәдениеті қалыптасып келе жатыр. Бұл үрдістің негізін құраушы, әрине – маркетплейстерлер.

 Маркетплейстердің мәні…

Алдымен қарапайым оқырманға түсінікті болуы маркетплейс дегеннің не екенін тарқатып алайық. Маркетплейс – бұл әр түрлі сатушылар өз тауарын орналастырып, сатып алушылар арнайы платформадан өнімді таңдап, сатып ала алатын онлайн сауда алаңы. Қазақстанда бұл модель 2018 жылдан бері кеңінен тарала бастады. Әсіресе пандемия кезеңі 2020-2021 жылдар электронды сауда нарығын бірнеше есеге ұлғайтты. Бүгінгі таңда Kaspi.kz, Satu.kz, Wildberries және Lamoda секілді платформалар нарықтың негізгі үлесін иеленіп отыр. Солардың ішінде Kaspi.kz – Қазақстандағы ең ірі платформа. Kaspi арқылы сатып алынған тауарлар үлесі бүгінде онлайн сауданың 70 пайыздан астамын құрайды. Wildberries.kz пен Lamoda.kz шетелдік үлгідегі платформалар. Ал Satu.kz шағын және орта бизнесті онлайн кеңістікке шығару үшін маңызды рөл атқарады. Маркетплейстердің дамуы ел экономикасына бірнеше бағытта әсер етуде. Шағын бизнестің цифрлануы арқылы көптеген кәсіпкерлер өз өнімдерін интернет арқылы сату мүмкіндігін алып, жаңа нарықтарға шықты. Қойма, логистика, IT, маркетинг салаларында жаңа мамандықтар пайда болды. Kaspi, Jysan, Halyk сияқты банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлем жасау деңгейі артты. Азаматтар онлайн шопингті қауіпсіз әрі ыңғайлы деп қабылдай бастады.

Маркетплейстер шетелден басқарыла ма?!

Ал енді осы маркетплейстерді яғни онлайн сауда алаңын кімдер басқаратынына тоқталсақ, Kaspi.kz – Қазақстандағы ең ірі маркетплейсті, компанияның негізін қалаушылар: Михаил Ломтадзе – бас директор (CEO), Вячеслав Ким – директорлар кеңесінің төрағасы, Павел Михайлов – технологиялық даму бөлімінің жетекшісі.  Kaspi Group Лондон және AIX қор биржаларына шыққан алғашқы қазақстандық компаниялардың бірі. Бұл жоба толықтай отандық капитал негізінде дамыған және ел экономикасына миллиардтаған салық түсіреді.
Kaspi экожүйесі бүгінде банк, төлем жүйесі, маркетплейс және логистика қызметтерін біріктірген «суперқосымша» ретінде жұмыс істейді. Satu.kz шетелдік тәжірибенің жемісі Satu.kz платформасы бастапқыда украиналық EVO Group компаниясына тиесілі болды. Кейін ол OLX Group (Нидерланды) құрамына кірді. Wildberries компаниясын 2004 жылы ресейлік кәсіпкер Татьяна Бакальчук құрған.
Қазақстан нарығына 2021 жылы кірген бұл маркетплейс киім-кешек, тұрмыстық техника және косметика сияқты тауарларды ұсынады.
Компанияның Қазақстандағы филиалдары мен қоймалары бар, бірақ негізгі басқару орталығы Мәскеуде орналасқан.
Бұл шетелдік маркетплейстердің ел нарығына белсенді түрде енуінің мысалы. Lamoda.kz еуропалық сән платформасы Lamoda бренді Global Fashion Group (Германия) компаниясына тиесілі. Қазақстандағы филиалы орта және премиум деңгейлі киім нарығына бағытталған.

Қазірде осы маркетплейстер арқылы тауарын сатушылар өздерінен ұсталатын пайыздардың көп екенін бұл салада жұмыс істеудің өз қиындықтары бар екенін айтып жүр. Оның біріншісі платформаларда баға саясатының реттелмеуі үнемі кездеседі. Мысалы, 2024 жылы Kaspi жаңа ереже енгізіп, «бір тауар – бір баға» қағидасын бекітті, алайда бұл кейбір сатушылардың табысын шектеді. Kaspi алдағы уақытта да осы қағидадан танбайтынын Сауда министрлігі бекітіп отырғандай қолма қол ақшаға бір баға, бөліп төлеуге басқа баға ұсынбайтынын тек «бір тауар бір баға» қағидасымен жүретінін айтқан.

Ал осы маркетплейс арқылы алтын саудалайтын кәсіпкер Ақмарал Қайырбекқызының сөзіне сүйенсек, Kaspi арқылы тауарды сатқанда оның ұстайтын комиссиясы жоғары.

«Сатылым мөлшеріне қарай 5, 15, 18 пайыз көлемінде комиссия төлейміз. Сондықтан мұны еріксіз сатып алатын тұтынушының тауарына қосып қоямыз. Олай істемесек ұтыламыз. Ешқандай пайда болмайды. Қолма-қол ақшаға алтын алатындар өте аз. Ақыры солай амалдауға тура келеді. Ал Wildberries арқылы киім-кешек сататын болсақ та ресейліктер комиссия алып отырады. Олардың комиссиясы да 5-15 пайызды құрайды. Жалпы, біздегі такси қызметі болсын, киім кешек сату, тұрмыстық техникаларды сату платформаларының дені ресейдікі. Яндекс таксиде жұмыс істейтін жүргізушілер де комиссияның қымбат екенін айтады. Қазір такси қызметінің құны да қатты өсіп кетті. Себебі олардың да төлейтін комиссиясы бар. 1200 теңге тапса соның 600 теңгесін комиссяға береді. Осыдан кейін барып олар таксидің де құнын шарықтатып жібереді. Негізінде осы салаға қатты бақылау керек. Өйткені маркетплейстердің дені шетелден басқарылады. Қаражат осылайшы шетке кетіп жатыр. Тіпті кейбір маркетплейстерде жалған брендтер мен сапасыз өнімдер сатылып жатады. Ал тұтынушылар оны қайтадан қайда өткізерін білмей дал болатын сәттер де кездеседі. Сондықтан бұл салаға нақты мемлекет тарапынан бақылау қажет» дейді кәсіпкер.

  Себетте де саясат бар…

Салалық мамандар бұл салада экономикалық реттеуден бөлек, саяси тәуекелдерді де ескеру керектігін айтады. Бұл саладағы ең өзектісі дербес мәліметтердің қауіпсіздігі.  Ақпараттық манипуляцияға мән беру керек.  Платформалар тәуелсіз ақпарат тарата алады. Сондықтан Wildberries, Lamoda сияқты шетелдік платформалар экономикалық емес, саяси мақсатта қысым жасау құралы болуы мүмкін.

Соңғы жылдары деректерді басқару туралы көзқарас түбегейлі өзгерді. Бұрын бұл тақырып негізінен экономистер мен маркетологтардың талқысында болса, қазір ол тікелей саясаттың өзегіне айналып отыр дейді саясаттанушы Нұрболат Нышынбай.

 

Саясаттанушы және экономикалық бақылаушы Әсем Қасымханованың пікіріне сүйенсек, маркетплейстердің деректері қоғамның нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсетеді, ол саясатты модельдеуге әсер етеді. Сондай-ақ ірі цифрлық бизнес иелері саяси шешімдерге әсер ете бастайды. (лоббизм элементтері)

«Сондықтан барлық ірі платформалар Kaspi, Wildberries, OLX т.б. деректерін Қазақстан аумағында сақтауға міндетті болуы тиіс. Бұл — саяси және ақпараттық тәуелсіздіктің негізі. Платформалар жарнамада, ұсыныста немесе жаңалықтарда саяси мазмұнды насихаттамауы тиіс. Үкімет цифрлық бизнеске реттеу арқылы емес, серіктестік арқылы ықпал етуі керек.
Мысалы, мемлекеттік бағдарламалар Kaspi немесе Technodom сияқты отандық платформалар арқылы жүзеге асса, бұл екі жаққа да тиімді. Негізінде, маркетплейстер экономикалық немесе логистикалық мақсатта ғана қолданылуы тиіс. Бұл бағытта арнайы «Деректердің саяси бейтараптығы туралы заң» қажет. Сол тәрізді онлайн төлемдер мен тапсырыстар барысында жеке ақпаратты қорғау — өзекті тақырып. Маркетплейстерді арнайы себет десек, біздің дербес деректеріміз сол себеттен әрі шықпауы керек» дейді саясаттанушы.

Маманның ойынша билік пен маркетплейс арасында мынадай тепе-теңдік болуы керек:

 

Тепе теңдік бағыты Мемлекет мүддесі
Деректер қауіпсіздігі Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік
Салық және есеп Бюджет кірісін бақылау
Ақпараттық саясат Әлеуметтік тұрақтылық
Реттеу Заң мен қауіпсіздік нормасы

 

Экономика ғылымының докторы, профессор Бейсенбек Зиябеков те әріптесінің сөзін қуаттайды.

«Цифрландыру дәуірінде маркетплейстер тек сауда алаңы ғана емес, адамдардың жеке ақпаратын жинайтын ірі деректер орталығына айналды.
Kaspi.kz, Wildberries, Satu.kz, OLX және басқа платформалар тұтынушылардың аты-жөні, ЖСН, мекенжайы, банк картасы, сатып алу тарихы сияқты маңызды деректерді өңдейді.
Сондықтан олардың қауіпсіздігі экономикалық емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналып отыр. Енді осыған байланысты айтарым бұл платформалар ұлттық киберқауіпсіздік стандартынан өтіп, сертификат алуы қажет. Мысалы, банктер сияқты маркетплейстер де жыл сайын қауіпсіздік аудитін тапсыруға тиіс. Көптеген маркетплейстер бар, соның ішінде Wildberries, Kaspi AI-жүйелермен сатып алу мінезін талдайды.
Алайда ол деректерді кім өңдеп, қандай мақсатқа пайдаланып жатқаны түсініксіз. Сондықтан үкімет «AI-парламент» жобасы аясында алгоритмдердің ашықтығын реттеп, тұтынушының «дерек иесі» ретіндегі құқығын бекітуі тиіс. Егер деректер мемлекет пен платформа арасында дұрыс реттелмесе, бұл саяси бақылау немесе манипуляция құралына айналуы мүмкін» дейді экономист-ғалым.

Ал, саясаттанушы Нұрболат Нышанбай пікіріне сүйенсек «XXI ғасырдың «жаңа мұнайы» аталған деректер бүгінде билікке қоғамды басқарудың тиімді тетігін ұсынып отыр. Америкадағы Илон Маск төңірегіндегі саяси тартыстар, Францияда Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың тұтқындалуы, Қытайдағы Alibaba негізін қалаушы Жак Маның белсенділігінің төмендеуі – бәрі бір нәрсені аңғартады: технологиялар енді тек экономикалық емес, саяси қару ретінде қолданылып жатыр. Қазақстан да бұл үрдістен тыс емес. Керісінше, посткеңестік кеңістіктегі елдердің ішінде жасанды интеллект мәселесін саяси деңгейде жиі көтеріп жүргендердің алдыңғы сапында тұр. Бұған – Жасанды интеллект министрлігінің құрылуы және оған Премьер-министрдің бірінші орынбасары деңгейінде қосымша өкілеттіктің берілуі айқын дәлел.

Мемлекет үшін басты мақсат – үлкен деректер қорын бақылау арқылы әлеуметтік процестерді нақты болжау және басқару. Егер бүгінге дейін азаматтардың көңіл-күйі сауалнама арқылы анықталса, ертең бұл процесс толығымен автоматты режимге өтпек. Қазақстандағы 12-13 миллион экономикалық белсенді тұрғын туралы ақпарат тәулік бойы талданып отырса, билік үшін қоғамды басқару әлдеқайда жеңілдейді.

Алайда бұл жерде маңызды сұрақ туындайды: цифрлық технологиялар азаматтар үшін қолайлы құралға айнала ма, әлде біз «цифрлық тордың» тұтқыны боламыз ба? Батыс сарапшылары жиі қолданатын «цифрлық диктатура» ұғымы біздің де болашағымызға қатысты айтылып жүр.

Сондықтан дайындалып жатқан жасанды интеллект туралы тұжырымдама мен заңнамада негізгі екі мәселе нақты көрсетілуі тиіс:

  1. Деректерді кім және қалай бақылайды?
  2. Мемлекет пен азамат арасындағы цифрлық келісімшарттың шарттары қандай болады?

Өйткені бұл құжаттар Қазақстанның саяси жүйесі алдағы жылдары қай бағытта дамитынын айқындайтын фундаментке айналмақ.»

Ал енді мұндай ұсыныстарды біздің үкімет ескере ме, ол жағын уақыт көрсетер. Үкімет әзірге электронды сауда инфрақұрылымын дамыту үшін салықтық жеңілдіктер, логистикалық хабтар мен кедендік жеңілдетулер, «Digital Kazakhstan», «Astana Hub» бағдарламаларын ұсыну арқылы цифрлық экономиканы қолдау бағдарламаларын ұсынып отыр.  Ал мамандар себетте де саясат барын ұмытпаған жөн екенін қатаң ескертуде.

 

Алтын НҰРЫМОВА, Todayinfo.kz

big data Келесі президент президент сайлауы үшінші президент

Оқылып жатыр

«Дрондар шабуыл жасаған»: Қарашығанақ кенінде катастрофалық жағдай орын алды

«Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты

Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

Соңғы жазбалар

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

20 Қазан, 2025

«Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

20 Қазан, 2025

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

20 Қазан, 2025

Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Екінші шахмат Олимпиадасы басталды

20 Қазан, 2025

Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы

20 Қазан, 2025

БҚО-да жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған фестиваль өткізілді

20 Қазан, 2025

Алматыда азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге бөлінді

20 Қазан, 2025

Алматыда инфляция деңгейі бақылауда ұсталып отыр

20 Қазан, 2025

«Жігіттердің аяқ-қолын ұстаған»: Қытайда пранк түсіріп, жұртты шулатқан блогер енді Өзбекстанда көзге түсті

20 Қазан, 2025

Қазақстандық кино әлемдік экрандарды бағындыруда

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.