Су – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің салауатты тамақтануының негізгі құраушыларының бірі. Суды жеткіліксіз мөлшерде тұтыну организмнің қалыпты функциясын бұзады: шаршаңқылық пайда болады, жұмысқа қабілеттілік төмендейді, ас қорыту және сіңіру, жаплы ағзадағы зат алмасу үрдістері бұзылады. Сол себепті судың организмге жеткілікті түсуінің маңызы зор.
Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес білім беру және тәрбиелеу объектілерінде қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ауыз су режимі ұйымдастырылу қажет. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады.
«Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін келесілер қолданылады: сыйымдылықтарға — графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар өлшеп-құйылған қайнатылған ауыз су; стационарлық ауыз су бұрқақтары; суға арналған кулерлер (диспенсерлер); өнеркәсіптік дайындалған шөлмектердегі ауыз су. Сонымен қатар, оқушыларға үйден әкелетін жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі», — дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Самат Ахметов.
Бөтелкедегі, сыйымдылықтарға құйылған суды пайдалана отырып, ауыз су режимін ұйымдастыру кезінде білім беру мекемесі жеткілікті мөлшерде таза ыдыспен, сондай-ақ таза және пайдаланылған ыдыстарына арналған жеке таңбаланған подностармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивтік шешімдері судың тік ағысының айналасында кемінде 10 сантиметр биіктікте шектеу сақинасының болуы көзделеді.
Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) тазалап-жуу өндірушінің нұсқаулығына сәйкес кезеңділікпен, бірақ күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет, қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үш айда бір реттен сиретпей жүргізіледі. Қайнаған ауыз суды қолдану ережесін сақтаған жағдайда пайдалануға жол беріледі: ауыз суды кемінде 5 минут қайнату, ол қайнаған ыдыста бөлме температурасына дейін салқындату, үш сағаттан асырмай сақтау.
Суды жеткілікті мөлшерде тұтыну – салауатты өмір салтының негізгі шарттарының бірі болып табылады. Сондықтан, объектілерде ауыз су режимінің ұйымдастырылуының маңызы зор.