Бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов алматылық «Қайрат» командасы «Реал Мадрид» футбол клубын жеңетін болса, өзінің атынан отандастарына қымбат сыйлық беретінін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
«Қайрат» жеңіске жетсе, футболшыларға бір-бір көліктен мінгіземін. Осыған елімнің патриоты ретінде туған күн қарсаңында сөз беремін», — деді ол желіде.
Бұған дейін кәсіпкер өз компаниясында 10-20 жылдан жұмыс істеген тазалық қызметкерлері, жүргізушілер, жүк тасушыларға 100 пәтерді тарту еткен еді.
Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте қазақстандық «Қайрат» командасы әлемге әйгілі испандық клуб «Реал Мадрид» ойыншыларымен Алматыда кездеседі.