Талдықорғанда оқушылардың әрекеті жұртты шошытты. Желіде тараған видеода оқушылардың түсініксіз әрекетке барғандарын көруге болады. Олар ерсі қылықтарын өздері TikTok-қа салған, деп хабарлайды Todayinfo.
Оқушылар сыныптасын әжетханаға кіргізіп, оған отыруға бұйырады. Сосын әуретті жерін көрсетпек болады. Жасөспірімдердің мұндай әрекетке не үшін барғандары белгісіз.
Оқиға Талдықорған қаласындағы «Абай» мектебінде болған. Әзірге жергілікті құқық қорғау органдары пікір білдірген жоқ.