Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды

7 Қараша, 2025

«Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді

7 Қараша, 2025

«Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты

7 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды
  • «Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді
  • «Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты
  • Ибраһим келісімі Қазақстанның әлем елдерімен ынтымақтастығын нығайтады — СІМ
  • Батыс Қазақстанда келешек мектебі бой көтерді
  • «Шімірікпей өтірік айтты»: Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік үйін көрсетіп, оңбай сынға қалды (ВИДЕО)
  • 2026 жылдан бастап Қазақстандықтардың жасырын табысы жаңа әдіспен анықталады
  • 2026 жылғы Құрбан айт қай уақытта басталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 8 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді

«Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді

7 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда Бостандық ауданының тұрғындары «Saba Group» құрылыс компаниясының жобасына қатысты жиын өткізді. Төрт сағатқа созылған дүрлі кездесуге тұрғындардан бөлек, барлық мемлекеттік басқармалардың өкілдері де келді. Әл-Фараби даңғылының бойына салынатын құрылыс жобасына қатысты дауға Todayinfo тілшісі де қатысып, тараптардың пікірін тыңдады.

Текетіреске себеп болған — 1,4 гектар жерге салынатын 3, 4 және 5 қабатты бизнес нысандары. Одан бөлек, 9 қабатты қонақүй тағы бар. Халық нысанасы бірнеше рет өзгерген, қолдан қолға өткен жердің қазіргі иелеріне қарсы шығып отыр. Сондағы қарсы уәжі — жер сілкінсе, жиналатын жер жоқ, автотұрақ азаяды, сейсмикалық аймақ.

«Мына алаңда бес жүзден астам ағаш бар, құрылыс жүргізілсе, оның бәрі кесіледі. Біз сейсмикалық қауіпті аймақта тұрамыз, жер сілкінсе, қайда жиналамыз? Тоғыз қабатты үйдің биіктігі 40 метрдей, ғимарат құласа, қайда барамыз? Біз бұл жобаға қарсымыз», — деді тұрғындардың бірі.

Жиналған жұрт мектеп салу, әлеуметтік нысандар тұрғызуды ұсынды. Алайда ол жер қазір мемлекеттің құзырында емес, жекеменшік компанияға тиесілі.

«Құрылыс түсетін аумақтың астында жер сілкінісінен қалған жарық жоқ. Жарық осыдан жоғары, Әл-Фараби даңғылынан ары, сол жерде бар. Бірақ тұрғындар айтқандай, бұл жерде ел жиналатын алаң жоқ. Алайда аумақ сейсмикалық орталыққа жатады», — деді Алматы қалалық Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Айгүл Данабаева.

Қалалық ТЖД мен өзге де жауапты мекемелердің басшыларының сөзінше, құрылыс жүргізуге ешқандай рұқсат құжаты берілмеген. Бірақ тұрғындардың қарсылығына тап болған «Saba Group» жұмысты бастамас бұрын барлық қажетті сараптамалық әрі рұқсатнамалық құжаттарды аламыз деп отыр. Мемлекеттің рұқсат бермеуіне ешқандай негіз жоқ. Жиынға келген тұрғындар пікірі екіге бөлінді.

«Біз құрылысқа қарсы емеспіз. Заманауи қызмет көрсету орталықтары, дәріхана, кафе, ойын орталықтары керек. Компания біздің үйлерімізді жөндеп, лифтіні жаңартып бермек. Айнала қоршалып, көгалдандыру жүргізіліп, бұл жер жақсарады. Қарсы шығып жүрген отыз шақты адам ғана. Ал бұл жердегі үйлерде үш жүзден астам пәтер бар. Бүгін қарсы шығып, айғайлап жүргендердің біразы — арандатушылар, бұл жақта тұрмайды. Бізге жаңа, заманауи, сәнді қызмет көрсету орындары керек», — деді Владимир Козлов.

Тұрғындардың сөзінше, қараусыз қалған аумақ қоқыс пен маскүнемдер, қаңғыбастар жиналатын жерге айналып кеткен. Сондықтан қызмет көрсететін әмбебап орталықтар керек.

«Біз тұрғындармен күнде сөйлесіп жүрміз. Шындығында, барлығы қарсы деген — өтірік. Керісінше, бізге қолдау білдіріп, сәнді, жаңа қызмет көрсету орталықтары керек екенін айтып отыр. Кемінде 40% жобаны қолдады. Ауланы жөндеп, бейнебақылау камераларын қойып, балалар алаңын жаңартып, өзге де сұрақтар бойынша ақылдасу үстіндеміз. Олардың пікірін ескереміз. Одан бөлек, арнайы жоба қабылдап, студенттерге ыңғайлы орындар жасаймыз. Рұқсат құжаттарын алмай тұрып, ешқандай құрылыс жұмыстарын жүргізбейміз. Біз бұл жердің иесіміз. Заң шеңберінде ғана жұмыс жүргіземіз», — деді «Saba Group» ЖШС президенті Ильяс Карбозов.

Қажетті құжаттар алынса, жұмыс 2026 жылдың жазында басталып, 1,5 жылдан соң жоба толық аяқталмақ. Ал халықтың да, мемлекеттік органдардың да пікірін тыңдаған Бақытжан Базарбек компания тарапынан ешқандай заңсыздық таппағанын, тұрғындардың жер иелері өкілдерімен келісімге келуі тиімді болатынын айтты.

«Компания тарапынан ешқандай заң бұзушылық таппадым. Көптеген компаниялар құрылысты бастап кетеді — АПЗ жоқ, эскиздік жоба мақұлданбаған, не болмаса жердің нысаналы мақсаты басқа. Бас жоспар бойынша бір жоба, іс жүзінде мүлде бөлек құрылыс. Сондай заңсыздықтар көп кездеседі Қазақстанда. Ал мына компания тарапынан ешқандай заң бұзу жоқ. Мемлекеттік органдардың айтқанын естідіңіздер, оларға сенбесек тағы болмайды. Халықтың уәжін ескеруге тырысамыз енді. Жер қатынастары басқармасы мен барлық органдардан мамандар келді. Ешқандай заң бұзылып жатқан жоқ», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек.

Оқылып жатыр

Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды

Ибраһим келісімі Қазақстанның әлем елдерімен ынтымақтастығын нығайтады — СІМ

«Шімірікпей өтірік айтты»: Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік үйін көрсетіп, оңбай сынға қалды (ВИДЕО)

2026 жылдан бастап Қазақстандықтардың жасырын табысы жаңа әдіспен анықталады

2026 жылғы Құрбан айт қай уақытта басталады

Teacher’s Summit-2025 Қазақстан педагогтарының цифрлық болашағына жол ашады

Соңғы жазбалар

Teacher’s Summit-2025: Қазақстандық мұғалімдерге цифрлық дәуірге бейімделудің жолдары таныстырылды

7 Қараша, 2025

«Бір де бір заңсыздық таппадым»: Алматыда халықпен кездескен Бақытжан Базарбек құрылыс дауына қатысты пікір білдірді

7 Қараша, 2025

«Бұл келісім Ресей мен Қытайдың дәстүрлі ықпалын әлсіретеді»: Саясаткер «Ибраһим келісімі» туралы шындықты айтты

7 Қараша, 2025

Ибраһим келісімі Қазақстанның әлем елдерімен ынтымақтастығын нығайтады — СІМ

7 Қараша, 2025

Батыс Қазақстанда келешек мектебі бой көтерді

7 Қараша, 2025

«Шімірікпей өтірік айтты»: Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік үйін көрсетіп, оңбай сынға қалды (ВИДЕО)

7 Қараша, 2025

2026 жылдан бастап Қазақстандықтардың жасырын табысы жаңа әдіспен анықталады

7 Қараша, 2025

2026 жылғы Құрбан айт қай уақытта басталады

7 Қараша, 2025

Teacher’s Summit-2025 Қазақстан педагогтарының цифрлық болашағына жол ашады

7 Қараша, 2025

«Он млн теңге бопсалаған»: Шымкентте Azattyq ruhy-ның бұрынғы тілшісі ұсталды

7 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.