Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025

Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті

22 Маусым, 2025

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)
  • Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті
  • «Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады
  • 5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады
  • «Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады
  • Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады
  • «Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті
  • 22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 22 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Бір мың адам жұмыспен қамтылмақ»: Түркістан облысында инвестиция тарту арқылы ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ

«Бір мың адам жұмыспен қамтылмақ»: Түркістан облысында инвестиция тарту арқылы ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ

8 августа, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында бір мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін зауыт салынбақ. Бұл мәлімет Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жиында оннан астам жобаның жүзеге асырылу барысы, қазіргі жай-күйі сарапталып, өзекті мәселелер қаралды. Штаб отырысында инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша ағымдағы жағдайы таныстырылды. Мәселен, Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытың құрылыс жұмыстары және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы «Саутс ойл» компаниясының вице-президенті Абзал Менлибеков баяндады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жобаның І кезеңі 2025 жылы жүзеге асады, 300 жұмыс орны ашылады. Сонымен бірге Түлкібастағы каустикалық сода зауытының құрылыс барысы туралы да мәлімет берілді. Инфрақұрылымы жасақталуда, жұмыс жүріп жатыр. 2025 жылы ашылатын өндіріс орнында 1000 адам жұмыспен қамтылмақ.

Ал Келес ауданындағы 51 га жылыжай кешеніннің жобасын «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның 1 кезеңіндегі жылыжай кешен құрылыс жұмыстары жөнінде және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс барысы туралы баяндалды. Облыс әкімі инвесторға жұмыстың кешеуілдеп жатқаны жөнінде сын-ескертпе айтты. Жұмысты ширату тапсырылды.

Мәжілісте Сауран ауданында кептірілген жемістерді өндіру, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді өңдеу зауытын салу бойынша «Талифа» ЖШС өкілінің пікірі тыңдалды. Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-нің құрама жем зауыты жобасының жергілікті бюджеттен сыртқы инфрақұрылымды жүргізуге 551 млн теңге бөлінген. Түркістан облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы тарапынан сыртқы инфрақұрылым жүргізу бойынша мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жарияланған. Сондай-ақ мал сою комбинаты және жануарлардың қалдықтардын терең өңдеу зауытының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша және мал сою, қалдықтарды қайта өңдеу және мал сою пункттері үшін 140 га жер учаскесі анықталып, 60 га жер учаскесі сатып алынған. Тиісті жұмыс жүруде. Сонымен қатар «Nurym Group» ЖШС-нің замануи мал базары жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде және жобаға қажетті 38.3 га жер учаскесі сатып алынып, құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, Арыс қаласында «Turkestan agro.kz» ЖШС-нің 1380 га жерге жаңбырлату жүйесін енгізіледі. Аталған жобалар бойынша компанияның негізін қалаушысы Сырым Ертаев баяндады.

– Жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері әрбір инвестор мен кәсіпкерге қолдау көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді жалғастырсын. Инвесторлар мен кәсіпкерлер де жобаны уақтылы жүзеге асыруға күш салулары тиіс. Өндіріс орындарын, жаңа зауыттар мен цехтар ашу – басым бағытымыз, – деген Дархан Сатыбалды осы салаға қатысты басшыларға тапсырмалар берді.

Инвестициялық штаб отырысында өзге де инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары сараланды. Кестеден кешігіп жатқан кәсіпкерлерге жұмысты ширату, жеделдету тапсырылды.

Оқылып жатыр

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

Алакөл инфрақұрылымы жаңаша тыныс алды

Абай ауданының Дубовка ауылында абаттандыру қарқынды жүріп жатыр

Ұлытауда 500 литр қымыз тегін таратылды

Түркістанда аялдамалар тазаланды

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті

Соңғы жазбалар

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025

Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті

22 Маусым, 2025

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025

5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

22 Маусым, 2025

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 Маусым, 2025

Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады

22 Маусым, 2025

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

21 Маусым, 2025

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

21 Маусым, 2025

Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды

21 Маусым, 2025

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бас мешітке барды

21 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.