Фото: pixabay
11 қараша күні Алматы әуежайында Қытайдың екі отбасы шекарадан өтер сәтте ұсталды. Олардың жанында Қазақстанда суррогат ана арқылы дүниеге келген бірнеше сәби болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жолаушылардан балаларға қатысты құжаттар табылғанымен, шекарадан өткізуге рұқсат берілмеді. Арнайы тексерістен кейін шетелдіктер құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Алматы полициясы бұл деректі растады. Қазір ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмағандарды саудалау») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Тергеу барысында сәбилерді шетелге шығарудың заңдылығы, суррогаттық аналық процесінің қаншалықты заңды өткендігі анықталатын болады.

