Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Бірлік» фестивалі: Қонаев қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды іс-шаралар өтті

«Бірлік» фестивалі: Қонаев қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды іс-шаралар өтті

1 Мамыр, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан халқының бірлігі күніне және «Таза Қазақстан» мемлекеттік акциясы аясында Шеңгелді ауылында 10 мың ағаш отырғызылды. Бұл экологиялық бастама – Алматы облысындағы алғашқы орман-климаттық жобаның бір бөлігі. Ол тозған ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіруге және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мерекелік іс-шаралар Қонаев қаласында жалғасын тапты. Қаланың шетінде жаңа жасыл белдеу іргетасы қаланды. Жобаның мақсаты – көміртек ізін азайтып, тұрақты орман экожүйесін қалыптастыру.

Қала орталығындағы алаңда этномәдени көрме ұйымдастырылды. Қазақ, шешен-ингуш, кәріс, татар-башқұрт, орыс, ұйғыр, түрік және тәжік диаспораларының өкілдері ұлттық тағамдарын, қолөнер бұйымдарын ұсынып, «Ауыл шеберлері» этноаймағында шеберлік сабақтарын өткізді.

Фестиваль Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған қауымды құттықтады:

– «Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – достықтың, өзара түсіністік пен келісімнің нышаны. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді халқымыз. Этностар арасындағы ауызбіршілік пен сыйластықтың арқасында еліміз дамып, алға басып келеді. Қазақстанның басты жетістігі – ұлтаралық келісім. Біз оны сақтап, нығайта білуіміз керек», – деді аймақ басшысы.

Мерекенің маңызды сәттерінің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыстау болды. Бұл марапатты 17 этномәдени бірлестіктің белсенді мүшесі иеленді.

Бағдарлама ұлттық киімдер шеруімен және Б.Соқпақбаев атындағы саябақта өткен «Бірлік жүгіруімен» аяқталды. 300-ге жуық адам қатысқан бұл спорттық бастама бірлік идеясының – тек мәдени құндылық емес, өмір салты екенін айқындады.

Оқылып жатыр

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Алматы мен Мәскеу облыстары ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.