Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

29 Қараша, 2025

Түркиядан табылған қазына: Әз Жәнібек хан туралы қолжазбалар елге оралды

28 Қараша, 2025

Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?

28 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған
  • Түркиядан табылған қазына: Әз Жәнібек хан туралы қолжазбалар елге оралды
  • Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?
  • Жаңа Конституция және референдум: Тоқаевтың маңызды мәлімдемесі
  • Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті
  • e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
  • «Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 29 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

4 Қыркүйек, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Сайрам ауданында тарихи әрі маңызды шара – аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Бұл басқосу өңірдегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған алғашқы ауқымды жиындардың бірі болып саналады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Сессияға аудандық ҚХА төрағасы, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев төрағалық етті. Сонымен қатар жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов, аудандық Ассамблея мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында сөз алған Нұрсұлтан Сейтжанов Ассамблеяның қоғамдағы ерекше орнына тоқталып, оның еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті сақтаудағы рөлін атап өтті:

«Ассамблея – еліміздегі тұрақтылықтың, татулықтың, келісімнің негізгі тірегі. Мұнда әрбір этностың мәдениеті мен дәстүрі ұлықталып, барша халық ортақ құндылықтар төңірегінде бірігеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық келісімді нығайту ісінде ерекше жауапкершілікке ие. Бүгін Сайрам ауданында өткен алғашқы сессия – осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі. Ассамблея болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен достықтың өнегесін ұсынатын бірегей институт болып қала бермек. Баршаңызға алдағы қызметте сәттілік тілеймін» – деді ол.

Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, аудандық ҚХА-ның құрамы бекітіліп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары таныстырылды. Сонымен бірге этносаралық қатынастарды дамыту, халықтар арасындағы өзара сыйластықты арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар мен оларды жетілдіру жолдары сөз болды. Қатысушылар қоғамда туындайтын кейбір өзекті мәселелердің алдын алу тәсілдерін талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.

Сессия барысында Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары да сөз алып, аудандық ҚХА тарапынан іске асырылатын бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Олар бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы өңірдегі қоғамдық келісімнің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, келесі сессияда қаралатын мәселелерді алдын ала айқындап алды. Осылайша, Сайрамдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы ынтымақ пен бірлікті дәріптеген мазмұнды басқосу болды.

Оқылып жатыр

Түркістан өңірі өндіріс саласында серпін көрсетіп келеді – Нұралхан Көшеров

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Соңғы жазбалар

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

29 Қараша, 2025

Түркиядан табылған қазына: Әз Жәнібек хан туралы қолжазбалар елге оралды

28 Қараша, 2025

Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?

28 Қараша, 2025

Жаңа Конституция және референдум: Тоқаевтың маңызды мәлімдемесі

28 Қараша, 2025

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

28 Қараша, 2025

e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

28 Қараша, 2025

«Жалпы жалақы»: Ұлттық банк төрағасы 1,7 миллиард теңге сыйақы алғаны рас па?

28 Қараша, 2025

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

28 Қараша, 2025

«Самұрық-Қазына» 122 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

28 Қараша, 2025

Алматыда «Жасанды интеллект және әдебиет» тақырыбында ғылыми конференция өтті

28 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.