Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптаушы ретінде танылған прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желі қолданушыларының 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты көптеген сауалдарына жауап берді.
Аймағанова өзінің Instagram парақшасында жасөспірімнің қазасына байланысты көптеген хаттар келіп түскенін айтып, оқырмандарының Шерзаттың ісін өз бақылауына алуын және оның отбасына көмектесуін сұрағанын жеткізді.
«Шерзаттың ісіне мен де алаңдаймын, бұл оқиға менің де жүрегімді ауыртты. Бірақ бәрі заңға сәйкес болуы тиіс. Әркім өз орнында жұмыс істеуі қажет. Алматы облысындағы әріптестерімнің өз жұмысын адал атқарып жатқанына сенімдімін», – деді прокурор видео-үндеуінде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі қоғамда резонанс тудырған болатын. Марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды. Stan.kz ақпарат агенттігі оқиғаның мән-жайын бақылауда ұстайды.
View this post on Instagram