Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Министрлік мәлімдеме жасады: 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді

16 Шілде, 2025

«200 мың долларды 170 деп өзгертіңдер»: алаяқтықты аса шебер меңгерген Перизат Қайраттың тағы бір айласы әшкере болды

16 Шілде, 2025

«Спорттық бәс тігу нарығына талас»: Финтех ассоциациясы кімнің мүддесін көздеп отыр?

16 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Министрлік мәлімдеме жасады: 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді
  • «200 мың долларды 170 деп өзгертіңдер»: алаяқтықты аса шебер меңгерген Перизат Қайраттың тағы бір айласы әшкере болды
  • «Спорттық бәс тігу нарығына талас»: Финтех ассоциациясы кімнің мүддесін көздеп отыр?
  • «Жарқырау үшін сыну керек болды»: Мөлдір Мұқанованың бейнежазбасы жұртты ойландырды
  • Алматы әуежайында қызды тұтқынға алған Баратов 11 жылға бас бостандығынан айырылды
  • Димаш Құдайберген батыр кейпінде жұртты таңғалдырды: жаңа образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр
  • «Махаббат құрайық»: әлеуметтік желіде лайк басу қыз-келіншектерді аңдудың құралына айналған ба
  • Баян Мақсатқызының жаңа әні башқұрттың Хомайынан ұрланған деген сынға ұшырады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 17 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Бишімбаев куәлік беруден 4 рет бас тартты – адвокат Жанна Уразбахова

Бишімбаев куәлік беруден 4 рет бас тартты – адвокат Жанна Уразбахова

12 марта, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

[Астанада Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр. 2024 жылдың 11 наурызында басталған алдын ала сот тыңдауында сотталушы Қуандық Бишімбаевтың авдокаттары бірнеше өтінішхат жолдады. Оның ішінде адвокаттар қылмыстық іс материалдарын тергеуді әрі қарай жалғастыру үшін прокуратураға қайтаруды, Бишімбаевтың әрекетін 99-баптан (аса қатыгездікпен адам өлтіру) 104-баптың 1-бөлігіне (абайсызда қазаға ұшырату) қайта саралауды сұрады.

12 наурызда өткен алдын ала сот тыңдауында Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова сотталушыдан тағылған айып бойынша жауап алынбағанын айтып, Bau мейрамханасында Бишімбаевтың айғағы негізінде тексеру жүргізуді сұрады.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова қылмыстық іс бойынша сотталушы Қуандық Бишімбаевты қорғау тарапыны жолдаған өтінішхаттың бәрін қанағаттандырмауды сұрады.

«Сотталушы Бишімбаевты қорғау тарапының барлық өтінішхатын қанағаттандырмауды сұраймыз. (…) Істі прокурорға қайтаруға негіз жоқ. Сондай-ақ іс бойынша айғақтарды жарамсыз деп тануға негіз жоқ. Бишімбаевтан жауап алынбады деген шындыққа жанаспайды. Қылмыстық іс материалдарында Бишімбаевтан жауап алудың алты хаттамасы бар, оның төртеуінде ол өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, куәлік беруден бас тартты. Бишібаевтан екі рет жауап алынды, ол жерде өзіне тағылған жаңа айып – қылмыстық кодекстің 110-бабына қатысты ойын айтқан. Осыған байланысты Бишімбаевтан сотқа дейінгі тергеу барысында жауап алынбады дегенге келіспеймін», — деді Уразбахова.

Айта кетейік, 2024 жылдың 11 наурызында Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі басталды.  Айыптау актісіне сәйкес, Бишімбаевқа қылмыстық кодекстік 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасады деген айып тағылған.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың айтуынша, Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев 2022 жылдың тамызында танысқан. Ал тойы сол жылдың желтоқсанында өткен. Алайда Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде тұрмаған. Қарым-қатынас барысында Бишімбаев Нүкеноваға туыстары, құрбыларымен кездесуге, жұмыс істеуге рұқсат бермеген және үнемі қызғанған. Соған байланысты үнемі физикалық күш қолданған.

Қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев Астанада өткен концертке барған. Алайда концерт аяқталмастан, ол жерден шығып, Bau мейрамханасына барады. Сол жерде Нүкенова қарым-қатынасты тоқтатқысы келетінін айтқан. Олар бастапқыда мейрамханадан шыққысы келген, алайда Бишімбаев рұқсат бермеген. Мейрамхананың VIP залында екеуінің арасына туған жанжал жалғасқан. Бишімбаев жанжал барысында өзінің ақшасына сатып алынған заттар туралы айтқан. Содан кейін Нүкенова ішкиім және әшекейден басқасын шешіп тастаған. Оның бұл әрекеті Бишімбаевтың ашуына тиген. Тергеу мәліметіне сәйкес, содан кейін Бишімбаев әйелді жұдырықпен ұрған.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);

110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);

434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

 

адвокат бас беруден Бишімбаев Жанна куәлік рет тартты Уразбахова

Оқылып жатыр

Министрлік мәлімдеме жасады: 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді

«Спорттық бәс тігу нарығына талас»: Финтех ассоциациясы кімнің мүддесін көздеп отыр?

«Жарқырау үшін сыну керек болды»: Мөлдір Мұқанованың бейнежазбасы жұртты ойландырды

Алматы әуежайында қызды тұтқынға алған Баратов 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Димаш Құдайберген батыр кейпінде жұртты таңғалдырды: жаңа образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

«Махаббат құрайық»: әлеуметтік желіде лайк басу қыз-келіншектерді аңдудың құралына айналған ба

Соңғы жазбалар

Министрлік мәлімдеме жасады: 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді

16 Шілде, 2025

«200 мың долларды 170 деп өзгертіңдер»: алаяқтықты аса шебер меңгерген Перизат Қайраттың тағы бір айласы әшкере болды

16 Шілде, 2025

«Спорттық бәс тігу нарығына талас»: Финтех ассоциациясы кімнің мүддесін көздеп отыр?

16 Шілде, 2025

«Жарқырау үшін сыну керек болды»: Мөлдір Мұқанованың бейнежазбасы жұртты ойландырды

16 Шілде, 2025

Алматы әуежайында қызды тұтқынға алған Баратов 11 жылға бас бостандығынан айырылды

16 Шілде, 2025

Димаш Құдайберген батыр кейпінде жұртты таңғалдырды: жаңа образы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

16 Шілде, 2025

«Махаббат құрайық»: әлеуметтік желіде лайк басу қыз-келіншектерді аңдудың құралына айналған ба

16 Шілде, 2025

Баян Мақсатқызының жаңа әні башқұрттың Хомайынан ұрланған деген сынға ұшырады

16 Шілде, 2025

«Осылардың әйелдері не деген шыдамды?»: Жаңқош Тұраов «бабник» деген атқа қалды

16 Шілде, 2025

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

16 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.