Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің мәліметіншше, қазір Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сот басталар алдында немесе сот барысында сотталушыны ақтау мақсатында фактілерді әдейі бұрмалау әрекеттері жасалатыны туралы ақпарат бар.
«Кейбір адамдар осы медианауқанға кірісіп те кеткен. Адамдардың бұған қалай қатыса алатынын, зорлық-зомбылықты қалай ақтауға болатынын түсіну мүмкін емес. Бұл іс бойынша әділ сот жазадан құтылу мүмкін емес деген нақты сигнал болуы керек», – дейді ол.
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
.