Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Перизат Қайраттың соты: Орта білімді аяқтамаған, жоғары білімі жоқ

14 Шілде, 2025

Қуаныш Шонбай-инфоалаяқтықтың атасы – заңгер

14 Шілде, 2025

Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

14 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Перизат Қайраттың соты: Орта білімді аяқтамаған, жоғары білімі жоқ
  • Қуаныш Шонбай-инфоалаяқтықтың атасы – заңгер
  • Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)
  • Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды
  • Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды
  • 1,5 млн теңге: Қазақ полицейлері шетелдік туристерден ақша сұрап, елді ұятқа қалдырды
  • «Үлесімді қосамын»: Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
  • Қызылордада ата-аналар мен педагогтерге арналған Telegram арнасы 23 мыңнан астам адамды қамтыды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 14 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Балқаш көлі жағалауында демалушылардың игілігіне инженерлік желілер, яғни электр жарығы мен тұрмыстық қажеттілікке арналған су осы маусымда беріле бастайды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

 «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысының жобасы — Балқаш көлі жағалауын дамыту бағытындағы басты жобалардың бірі де бірегейі. Жобада электрмен және сумен қамту, кәріз жүйелері, жағалау жиегіндегі автожол құрылысының жобасы қарастырылған.«Бүгінгі таңда су құбыры салынып бітті. Қазір бастоғанда су тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Осы демалыс мауысымында су беруді жоспарлап отырмыз. Сол сияқты электр бағандары қойылып, қуаты 110/35/10 кВ 1 қосалқы станция орнатылды, оған электр қуаты берілді. Электр қуатын берудің екінші кезеңінде әрқайсысының қуаты 10/0,4 кВ болатын 28 трансформаторлық қосалқы станция қойылады. Оған қоса жағалау бойында ұзындығы 9,3 км болатын автокөлік жолын салудың жер дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы Балқаш жағалауына инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары 2024 жылы басталған, 2026 жылы бітуі тиіс еді. Жұмыс кестесінен озық келе жатқандықтан, мерзімінен бұрын бітіреміз деген ойдамыз»- деді — Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.

 Оның айтуынша, кәріз құбырлары төселген, кәріз тазарту құрылғысына тапсырыс беріліп, зауытта дайындалуда.


Жағалауда демалыс орындары
құрылысының бейберекет жүргізілуінің алдын алу үшін  қазіргі кезде «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Дәркен Нұржановтың сөзіне сүйенсек, бұл демалыс аймағының алаңы 1682,0 га болады. Барлық демалыс базаларының жобалық кезеңдегі бір реттік ең үлкен сыйымдылығы – 23 мың орын, нөмірлердің болжамды саны 7100 бірлік болады деп күтілуде. Нөмір қорының санын есепке ала отырып, көлікке арналған 7200 орындық тегін тұрақ болады.

Және қарапайым халықтың жағалауда демалуына мүмкіндік жасау мақсатында қоғамдық жағажайлар да қарастырылмақ. Бұл туралы Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев айтып берді:

«Инженерлік инфрақұрылымы тартылған аймаққа бизнес өкілдері тартылып, демалыс аймақтары бәсекелестік ортада дамиды. Бұл ретте ең алдымен халыққа ортақ қолданыстағы, тегін 6 қоғамдық жағажай жасалады. Мұнда медицина пункті, полция пункті, құтқарушылық қызмет, ана мен бала бөлмесі сияқты барлық қажеттіліктер қарастырылады. Қоғамдық жағажайды күтіп ұстау аудан әкімдігінің жауаптылығына беріледі. Жағажай қызметі үшін коммуналдық мекеме құру, техника сатып алу жұмыстарына кірістік»,- дейді Ғ. Маманбаев.  

Қазіргі кезде көл жағалауында 52 мың адам демалса, жағалау қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, даму жоспары іске асырылғаннан кейін мұнда маусымына 450 мыңнан астам адам демалады деп болжануда. Демалыс орындары мен мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріндегі қызметшілер саны туристердің болжамды санының шамамен 20 % құрап, демалыс мауысымында жұмыспен қамтылғандардың саны 4,5 мың адамға жетпек.

 

Оқылып жатыр

Перизат Қайраттың соты: Орта білімді аяқтамаған, жоғары білімі жоқ

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды

«Үлесімді қосамын»: Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

«Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО)

Израиль парсыларды тағы бомбалады: Иран президенті өзіне жасалған қастандықтан аман қалды

Әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі тұрмысқа шықты

Соңғы жазбалар

Перизат Қайраттың соты: Орта білімді аяқтамаған, жоғары білімі жоқ

14 Шілде, 2025

Қуаныш Шонбай-инфоалаяқтықтың атасы – заңгер

14 Шілде, 2025

Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

14 Шілде, 2025

Атырауда бассейндегі хлордан 14 бала уланып қалды

14 Шілде, 2025

Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жеңіп алды

14 Шілде, 2025

1,5 млн теңге: Қазақ полицейлері шетелдік туристерден ақша сұрап, елді ұятқа қалдырды

14 Шілде, 2025

«Үлесімді қосамын»: Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

14 Шілде, 2025

Қызылордада ата-аналар мен педагогтерге арналған Telegram арнасы 23 мыңнан астам адамды қамтыды

14 Шілде, 2025

221 оқушы психиатрға жүгінді: Қызылорда облысында суицидтің алдын алу кешенді жүйесі іске асырылуда

14 Шілде, 2025

«Туристер шошқаның нәжісіне шомылып жатыр»: Алакөлге құятын өзеннің басында шошқа фермасы бар болып шықты (ВИДЕО)

13 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.