Қасиетті Рамазан айы биыл 30 күн болмайды. Ораза 1 наурыз күні басталып, 29 наурыз күні аяқталады. 30 наурыз күні ел көлемінде Ораза айт басталады, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2025 жылдың діни мереке күндерінің кестесіне сай, биыл ораза 1 наурызда басталады. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады.
30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді. Егер 6-маусым жұмыс күніне тұспа-тұс келсе, онда қазақстандықтар бір күн демалады.
Еліміздегі Еңбек кодексіне сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша аталатын Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып бекітілген. Сондықтан қазақстандықтар жұмаға түсіп тұрған 6 маусым күні демалады. Дегенмен айттың қалған екі күні, яғни, 7-8 маусым да сенбі мен жексенбіге сәйкес келіп тұр.