АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Бұл ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, тіпті науқасты өлімге әкелуі мүмкін. ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) – аурудың соңғы немесе терминалды сатысы.
Инфекция көзі – вирус жұқтырған адам, вирус тасымалдаушы немесе ЖИТС-пен ауыратын адам. Вирус тасымалдаушылар көбінесе жұқтырғанын білмей, өздерін сау деп санайды, өйткені оларда бірнеше жыл бойы ауру белгілері болмауы мүмкін.
Инфекцияның берілу жолдары:
— жыныстық қатынас кезінде (көптеген жыныстық қатынастары бар, әсіресе кездейсоқ немесе бейтаныс серіктестермен);
— парентеральді (қан арқылы) берілу: ластанған қанды құю кезінде немесе қанмен ластанған құралдар арқылы, түрлі инъекциялар жүргізген кезде (әсіресе нашақорлар арасында көк тамырға есіркіні енгізген кезде).
— жүктілік және босану кезінде вирустың анадан балаға берілуі мүмкін.
Аурудың негізгі клиникалық белгілері.
«Инкубациялық кезең 2-3 аптадан 3 айға дейін созылады. Кейін жұқтырған адамдардың 3/1 бөлігінде өткір кезең өтеді (қызба, тамақ ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі, мүмкін бөртпе, жалпы әлсіздік), емделмесе де 2-4 аптада жазылып кеткендей болады. Жұқтырған адамдардың 2/3 бөлігінде бұл кезең жасырын түрде өтеді. Осыдан кейін ұзақ уақыт бойы аурудың клиникалық белгілері болмауы мүмкін (вирус тасымалдаушы). Кейін бірқатар клиникалық белгілер пайда болады. Орташа алғанда, инфекцияның басынан бастап АИТВ-инфекциясының соңғы сатысына дейінгі мерзім 10-15 жылға созылуы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда ауру бірнеше ай ішінде ЖИТС—ке айналады», — деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.
Биыл Жетісу облысында адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен 72 жағдай тіркелген, Балтырмен салыстырғанда осы уақытқа дейін 9 жағдайға төмендеді.
АИТВ диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығында нәтиже береді.
АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары:
— кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу;
— кез-келген жыныстық қатынас кезінде сақтық шараларын қолдану;
— есірткі заттарын пайдаланудан бас тарту;
-маникюр/педикюр/татуировкаға арналған қайта пайдалануға болатын құралдарды дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, өңдеуден өткізу;
— қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін резеңке қолғапты қолдану және терінің ашық жерлерін және көздің шырышты қабығын қанның түсуінен қорғау қажет, кез келген қанды инфицирленген қауіпті деп санау тиіс, себебі біз оның АИТВ статусын білмейіз.
АИТВ-инфекциясына тексеруді жасырын түрде жүргізуге болады және тегін жүргізіледі. Сондықтан қандай да бір күдік ұяласа, міндетті түрде тексеріліңіздер.