Orda.kz басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкенова елді дүрліктірген мәлімдемесі жалған болып шықты. Бұған дейін мақаламен қоса арнайы видео шығарылым жасаған Бажкенова қателескенін және жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына қателескенін мойындап, шағын пост жазды.
«Бейсенбіден сенбіге дейін қайда болса да, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу костюмін киіп, галстугін тағынып ертең Президенттің халыққа Жолдауына қатысады.
Біз редакциямызбен үлкен жұмыс жасадық. Мен саяси зерттеу жүргізіп, барлық дәлелдерді жинадым. Бейсенбі күні жағдайдың мән-жайын білгенде, әділдікке жету мүмкіндігі шабыт берген еді.
Алайда мен жеңілдім. Маған жаңа ғана хабарлады. Нұртілеу бостандықта. Иә, ол кеше Украинамен сөйлескен, ал ертең Парламентке келеді.
Бұл – саясаттың шынайы бет-бейнесі. Ал біз бұл тақырыпты жабуға мәжбүрміз»,- Гүлнар Бажкенова.
Фото: Гүлнар Бажкенованың Facebook парақшасынан