Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025

«Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты

7 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады
  • Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды
  • «Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты
  • Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті
  • 4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды
  • Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті
  • «Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды
  • Арқалықта нейрохируг мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: министр пікір білдірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 7 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Бізді шыңдап алға сүйрейтін осындай тарихи матчтар»: Сарапшы пікірін айтты

1 Қазан, 2025 Басты тақырып
©Улан Кенжегалиев/Vesti.kz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Реал Мадрид — еуропаның көпті көрген сақасы ғой, ол не көрмеген.
Реалдың тай құлындай тебісіп, жұлмаласып жүрген қарсыластарының атауынан ат үркеді. Күндегі күндесі — Барса….
Атлетико, Челси, Интер, Милан…
Селтик — мелтиктерді бұлар менсінбейді.
Оның деңгейі сондай. Ойыны сондай.
Қорғанысының өзі жан баласын беттетпейді.
Доп шығару, пас беру, аяқ ұшымен ойнау, мезетті пайдаланып кету..
Қарсыластың қорғанысына батыл жарып кіру, қақпашымен бетпе бет келу, шабуылшыны тұсау, бұрыштамадан доп ұстау, қысқасы, техникасы сұмдық.. Нағыз футбол шамамен осындай болады.
Олар ана жақта бәрі солай ойнайды. Toп деңгей.
Мысалы ана Мбаппе мында жаттығуда жүргендей еркін ойнады. Әр тұстан доп теуіп сынақ өткізгендей болды. Қателесуге де мүмкіндігі болды, оны түзеуге де шамасы келді. Сұраншақ жәман көршідей қақпаға жүгіріп келе салады. Ассистері де зың ғой..
Келген соң үш — төрт қорғаушының арасынан қақпаға ытқытып гол сала береді.
Олар сол қабілеті үшін миллиондаған доллар я евро құнға шығып отыр.
Қысқасы, келді, ойнады, ұпайын алды, кетті.
Оған пенальти сала алмадым деп өкіну қаншалықты орынды екен деймін.
Егер ойын итжығыс болса, ондай жағдайда өкінсек болады. Ал мынадай ойын нәтижесінен соң… Громыко жығылып алып берген пенальти қай жыртығымызды жамайды?.
Жалпы ойын басталғанда қасымдағы отбасым Қайраттың дерзкий шабуылынан елпілдеп желпініп кетті. Ол да өзі атойлап басталды, оны көрдіңіздер..
«Өй тоқтай тұрыңдар, Қайратты әлі 60- 70 минутте бағалап үлгерерсіңдер, дедім.
» бұл Реалың үшінші таймға шығарсаң да еті қызып жүгіріп керемет ойнап береді, оның физикасы жаратылған аттай, ал біздің жігіттер ондайға шыдас бере ма екен» деп білгішсінген едім, үйдегі қыңыр — қыржақ шал сияқты ең жаманы мен болдым.
«Оразбахтиннің соңына шейін отырып 80 ші минутте той бітейін деп жатқанда беташар жасап ойыншылар алмастыратын әдеті бар еді, неге қазір емес» деп ойын ортасында күйгелектеніп кейіп берген едім.
Рафаель бұнымды естіпті ей… Сол кезде Байбектер сау етіп шыға салды.
Мен жалпы матч басталар бұрын есеп 3 — 0 болады деп жобалаған болатынмын. Сөйтсе бұл Қайратқа іш тартып біраз бұрғандығым екен.
Есеп 3 — 0 ге жетті, Реалдың арыны әлі қатты. Үйдегілердің жаны мұрнының ұшына келді. Ойынды осы жерден тоқтата салса шіркін..
Оған отырып алып тағы білгішсінемін. «Бұлар ана жақта Ла Лигада соңғы секундтармен нәтиже шығарып ойнай береді. Секундтарды ұтымды пайдаланып пах пұх деп мәселе шешіп кете береді» деймін..
Үйдегілер мені ала көзбен атып үлгергенше болмады. Пах — пұх болды.
Қысқасы, ренішім жоқ, түңілу жоқ, менің пайымымша қазақ футболы қазір өз даму сатысында. Ол қашан өз шыңына шығады, ол белгісіз.
Бірақ бір нәрсе анық — оны шыңдап алға сүйрейтін осындай тарихи матчтар.
Олжас Әбіл

Оқылып жатыр

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

Темірлан Анарбеков те білім гранты иегері атанды

Қыркүйекте Ұлттық қордан 357 млрд теңге шығын болған

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Әскерке келіп 1 аптадан соң қайтыс болған 18 жастағы Нұрасылдың қазасы қоғамды дүр сілкіндірді

Биліктен байлыққа, байлықтан қашқындыққа: Елден безген шенеуніктер кімдер?

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

7 Қазан, 2025

«Құранмен сендірген»: Ақтөбеде 136 адамды тақырға отырғызған халық емшісі сот залынан босап шықты

7 Қазан, 2025

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

7 Қазан, 2025

4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды

7 Қазан, 2025

Тосын қоңырау: Бектенов Үкімет отырыс кезінде күтпеген «звоноктан» кейін залдан шығып кетті

7 Қазан, 2025

«Ақтөбеге тойға барған»: Тамар Асардың өгей баласының неден қайтыс болғаны белгілі болды

7 Қазан, 2025

Арқалықта нейрохируг мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді: министр пікір білдірді

7 Қазан, 2025

Жамбыл облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары ұсталды

7 Қазан, 2025

«Некедегі әйелге көз салатын мисыз емеспін»: Олжас Абай даулы оқиғадан кейін жазба жариялады

7 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.