Белгілі актриса, ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова тұңғыш ұлы Рүстем Жүгінісовке арнап жүрекжарды құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Айнұр Жүгінісова ұлын құттықтау барысында тұңғыш перзенттің отбасы үшін ерекше рөл атқаратынын атап өтті,деп хабарлайды Todayinfo.
«Тұңғыш ұл – әкенің ізбасары, ананың тірегі, отбасының ақылшысы. Ол – ата-анасының алғаш рет «бала» деген тәтті сезімді сезінуіне себеп болған жан. Іні-қарындастарына үлгі, отбасының арқа сүйері. Оның әр жетістігі – ата-ана үшін үлкен мақтаныш, әрбір қадамы – үлкен жауапкершілік», – деп жазды актриса.
Сондай-ақ, Айнұр Жүгінісова тұңғышының олардың өміріндегі маңызды орны туралы айтып, оның отбасына үлкен рухани әсер еткенін жеткізді.
«Ана” деген атауға алғаш рет ие қылған, іштегі мейірімді оятқан – тұңғыш нәрестем. Үлкен ұлым – біздің көзқарасымызды өзгерткен жан десем, артық айтқаным емес. Алланы шынайы тануымызға септігін тигізген де – сол.”
Актриса ұлына зор денсаулық, қажымас қайрат пен сәттілік тілеп, өмірлік жолының ашық болуын тіледі.
«Тұңғышым Рүстемге тек қана зор денсаулық, қажымас қайрат, ақ жол тілейміз! Қосағыңмен қоса ағар, үбірлі-шүбірлі, ғұмырлы бол! Биылғы жыл сен үшін жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер жылы болсын», – деп жылы лебізін білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram