Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
  • 3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді
  • «Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді
  • Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр
  • «Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)
  • Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 12 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытты – Тоқаев

Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытты – Тоқаев

9 Мамыр, 2025 AQORDA
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.

Президент фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелгенін атап өтті.

«Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қиындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімі әрдайым ұлықталады. Ардагерлерге қамқорлық жасалып, қолдау білдіріледі.

«Қазақстанда Жеңіс күніне орай көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қаһарман ерлеріміздің атымен атау туралы шешім қабылданды. Ауқымды әскери шеру өтті. Мұның бәрі зұлмат соғыстың зардабын халқымыз ешқашан жадынан шығармауы үшін қажет. Біз Жеңіс күнінде бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, достық пен тыныштықтың маңыздылығын терең түсінеміз. Осы мызғымас құндылықтар әрдайым халқымыздың әл-ауқатын арттырудың және Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі болып қала береді», — толықтырды мемлекет басшысы.

Президент қадірлі ардагерлерімізге және барша отандасымызға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Оқылып жатыр

Мәскеуге сапар қарсаңында «Российская газета» басылымына Тоқаевтың мақаласы шықты

Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан мен АҚШ 17 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойды

$17 миллиард келісім, стратегиялық серіктестік: Тоқаев пен Трамп кездесуінің нәтижесі белгілі болды

Тоқаев пен Трамп келіссөз жүргізді

Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ астанасына сапармен барды

Соңғы жазбалар

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025

«Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді

11 Қараша, 2025

Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр

11 Қараша, 2025

«Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)

11 Қараша, 2025

Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды

11 Қараша, 2025

Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды

11 Қараша, 2025

Жетісу аудандағы ондаған көшеге жаңа жол жабындысы төселді

11 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.