Британдық Blue музыкалық тобының мүшесі Саймон Уэбб Алматыда өткен концерт барысында Мұса Әбдірайымға көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Концерт кезінде Саймон Уэбб әндер арасындағы үзілісте:
«Бұл кісі батыр болудың қандай екенін осы жерде көрсетті… Сізге көп рахмет!» – деп, Мұса Әбдірайымның ерлігін атап өтті.
7 наурыз күні Алматы әуежайында пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, өміріне қауіп төндірген. Сол сәтте Мұса Әбдірайымов батылдық танытып, қызды құтқарып қалған.
12 наурызда Алматыда Blue тобының концерті өтті. Концерт барысында әнші қаһарман азаматтың ерлігін ерекше атап өтті.