Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды
  • «Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады
  • «Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады
  • «Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні
  • «Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды
  • «Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)
  • Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды
  • Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Бөксесін кішірейтіп, ормырауын үлкейтпек болған: Алматылық әйел тәніне 2,5 миллион теңгеге ота жасатам деп өлім аузынан қалды

Бөксесін кішірейтіп, ормырауын үлкейтпек болған: Алматылық әйел тәніне 2,5 миллион теңгеге ота жасатам деп өлім аузынан қалды

3 Маусым, 2025 Оқиғалар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Бейнеден кадр

Алматыда тәнін түзетемін деп, ота жасатқан әйел жүре алмай қалды. 34 жастағы келіншек атақты клиникалардың бірінде липосакция операциясын жасатып, бірнеше апта бойы төсектен тұра алмай қалғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Todayinfo.

Әйгерім Жасқадырова дене бітімін қалауынша өзгертемін деп ұзақ ойланып, талай таңдаудан кейін Алматыдағы танымал, жарнамасы жер жаратын клиникалардың біріне жүгінген. Алғашында ота сәтті аяқталғандай көрінген. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмады. Бірнеше күннен соң келіншектің аяғы ісіп, ауырсынуы күшейе бастаған. Жағдай күн сайын ушыға беріп, ақыры 7 күннен соң әйел клиникаға қайта жатқан. Науқастың айтуынша, дәрігерлер оның ауыр халін елемей, ем көрсетпеген. Ақыры ауру асқынып, аяғын баса алмай, жүріп-тұрудан қалған кезде әйелді басқа клиникаға жіберген.

«Отадан кейін денем ісіп, қатты ауыра бастады. Бірақ клиникадағы дәрігерлер маған «қорықпа, бұл ірің емес, жай ғана ісік. Бәрі өтеді» деп жұбатумен болды. Осылайша мен клиникада бес күн жаттым. Бесінші күні жағдайым тіптен қиындады. Есімді жинай алмай, тіпті  сөйлей алмай қалдым. 25 сәуірде анам келді. Мені көріп дау шығарды. Анам талап етіп жүріп, УЗИ жасауға маман шақыртты. Ол басқа клиникадан келген. Сол маман менде серома барын айтты, ал іріңнің бар-жоғын көру керек болды. Сол күні клиника консилиум жинады. Бәрі абдырап, не істерін білмей қалды. Мен екінші клиникаға түскенде, ондағы дәрігерлер мені көріп, шошып, әрең қабылдады», – деді қала тұрғыны Әйгерім Жасқадырова.

Денсаулығынан айырылған әйел әділдік іздеп жүр. Ол липосакцияға 2,5 миллион теңге төлеген. Шарт бойынша, оңалу кезеңінен кейін келіншек өз дегеніне жетіп, қиындықсыз жүріп-тұруы тиіс еді. Ол болса өздігінен аяқ баса алмайды. Еңбекке жарамсыз болып қалған.

«Бұл жағдай бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне де арыз түсірдік. Жекеменшік клиникасының лицензиясы, қызметі, науқасқа көрсетілген емнің заңдылығы толық тексерілсін деп талап еттік. Жақын күндері Әйгерімнің алған жарақатының дәрежесі жайлы қорытынды шығуы тиіс. Меніңше, бұл –қылмыстық іс. Өйткені бұл әрекеттер қылмыстық кодекстің аясында – дәрігерлік салғырттық пен тиісінше көмек көрсетпеу баптары бойынша қарастырылады. Оған қоса, Әйгерім моральдық өтемақы алуы тиіс», – деді заңгер Зарина Мәмекова.

Келіншек липосакциядан кейін тағы бірнеше отаны бастан кешіріпті. Ақыры дәрігерлер сепсис анықтап, оның жамбасынан 1,5 литр ірің алып шыққан. Ең сорақысы, осындай халде, ашық жарамен 20 күн жатқан науқасқа 3 рет қан құйылған.

«Науқаста сепсис анықталды. Оның силиконды протездерді имплантациялаумен жасалған маммопластикадан, іш, сан, иық аймағының липосакциясынан, бөксе аймағына жасалған липофилингтен кейінгі жағдайы ауыр. Ауыр дәрежедегі уытты анемия. Отадан кейінгі екінші тәулікте жағдайы нашарлады, оң жақ сан аймағында ісінудің ұлғаюы, ауырсынуының күшеюі, дене қызуының 38,9°C дейін көтерілуі байқалды. Түскен кездегі жалпы жағдайы өте ауыр болап бағаланады», – делінген жекеменшік клиниканың қорытындысында.

Салғырттық танытты деп айыпталған клиникаға барып, мән-жайды білуге тырыстық. Алайда «ешкім жоқ» деп тез шығарып салуға тырысты. Кейіннен біз хирургтің өзімен байланысқа шығып, сұрақтарға жауап алдық. Маманның айтуынша, ота ойдағыдай өтіп, ауытқулар болмаған. Ал науқастың денсаулығының күрт нашарлауын дәрігер келіншектің өзінен көріп отыр.

«Ота жақсы өтті, ешқандай қиындық болған жоқ. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп үйіне жібердік. Бір аптадан соң ол қайта келіп, ауырсынуға шағымданды. Біз оны қайта қабылдап, диагноз қою мен ем жүргізу үшін барлық шараларды жасадық. Диагноз нақты анықталған соң, біз оны мамандандырылған клиникаға жібердік. Қазір сол жақта ем алып жатыр», – деді хирург-косметолог Сергей Карабельников.

Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, медициналық мекемеге қатысты сараптама тағайындалды.

 «Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде арыз тіркеліп қабылданған болатын. Қазіргі таңда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сай, медициналық қызметті көрсету сапасын тексеру бойынша департаментке іс материалдары жіберілді», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Екі баланы жалғыз асырап отырған Әйгерім Жасқадырова жұмысқа жарамсыз болып, оңалтудан өтіп жатыр. Сұлулықтың соңы сұмдыққа айналмас үшін оған сапалы медицина керек. Әзірге науқасқа сараптама нәтижесін күту қалды. Егер кінә дәлелденсе, дәрігерлердің салғырттығы заңмен жазаланбақ.

Ақпарат көзі: Almaty.tv

Оқылып жатыр

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

«Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

9 Қыркүйек, 2025

«Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды

9 Қыркүйек, 2025

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды

9 Қыркүйек, 2025

Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды

9 Қыркүйек, 2025

Балқашта мектептерге жаппай теракт жасалмақ: Полиция мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.