Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Болашақты бүгіннен бастап құрайық: Қызылордада балаларға арналған жаңа кеңістік ашылды

14 Мамыр, 2025 Қызылорда облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қызылордада балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық-инновациялық академиясы ашылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Цифрлық технологиялар дамыған сайын балалар өмірінде виртуалды кеңістік шынайы өмірді алмастырып барады. Ойын арқылы дамиды деген түсінік – бүгінде елеулі қауіпке айналды. Себебі ойын – баланың қиялын байытумен қатар, шектен шыққан жағдайда оның болашағын бұлыңғыр ететін күшке айналуы мүмкін. Бүгінде бұл құбылыс лудомания деген атпен белгілі.

Осындай сын-қатерлер жағдайында Қызылорда қаласында ашылған балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық-инновациялық академиясы – жас ұрпақты лудомания секілді тәуелділіктерден сақтауға бағытталған батыл әрі нақты қадам.

Ашылу – салтанатты ғана емес, стратегиялық мәнге ие оқиға «Сыр жұлдыздары» деп аталған жаңа академияның ашылу рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, зиялы қауым мен қоғам белсенділері қатысты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты жиында жаңа білім ордасының жастар тәрбиесі мен ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі маңызын атап өтті:

«Жаңа нысандар – бұл жай ғана ғимараттар емес, олар – жаңа дәуірге бейім ұрпаққа арналған мүмкіндіктер алаңы. Егемен елімізді өркендетуде осындай кешендердің үлесі орасан» – деді аймақ басшысы.

Жаңа ұрпаққа – жаңа форматтағы мүмкіндік

Бұл академия – жай ғана шығармашылық үйірмелер орталығы емес. Бұл – балалардың уақытын мазмұнды, пайдалы әрі бәсекеге қабілетті етуге бағытталған кешенді платформа. Мұнда бір мезетте 500 бала, ал тәулігіне 3000 оқушы қабылданады.

Академия базасында:
• Робототехника, биотехнология, жасанды интеллект,
• 3D модельдеу, автоматтандыру, киберспорт,
• Сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, дыбыс жазу студиясы,
• Спорттық және шығармашылық залдар
секілді заманауи бағыттағы 30-дан астам кабинеттер мен зертханалар жұмыс істейді.

Бұл – баланың компьютер алдында сағаттап онлайн ойын ойнап, бәс тігіп уақыт өткізуінің орнына, өз қолымен құндылық тудырып, шынайы жеңіс пен жетістікті сезінуіне жол ашады.

Лудоманиядан құтқару – шығармашылық арқылы

Лудомания – баланың психологиялық және әлеуметтік дамуына кері әсер ететін, көзге көрінбейтін қауіпті дерт.
Ол көбіне бос уақыттың көптігі мен мағынасыздығынан, қызығушылық ортасының болмауынан туындайды. Академия дәл осы пробеманы шешуге бағытталған.
Орталықта психологтар мен мотивациялық коучтар, цифрлық қауіпсіздік мамандары да жұмыс істейді. Балалардың психоэмоционалдық жағдайы тұрақты бақылауда болады.

Мемлекеттік саясатпен үндес бастама
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың:

«Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы»
деген сөзіне сай, бұл жоба тек жергілікті емес, ұлттық стратегиялық маңызы бар үлгі жобаға айналуда.
2022-2024 жылдары Қызылорда облысында білім саласына 304 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, бұл салаға бөлінетін бюджеттің 43%-ын құрады. Бұл – нақты нәтиже мен шынайы өзгерістерге жол ашып отыр.

«Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы – бала болашағын қорғаудың, ұлттық сана мен интеллектіні ұштаудың, лудомания секілді тәуелділіктермен күресудің ең тиімді үлгісі.
Құмар ойынына емес, құндылыққа қызығатын ұрпақ тәрбиелеу – мемлекеттің де, қоғамның да ортақ парызы.

Ал мұндай орталықтар – сол парыздың орындалуына апарар берік баспалдақ.

Оқылып жатыр

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

Президент саябағындағы нысандар құрылысы қарқынды

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Қазақстанда интернет-алаяқтық өршіп тұр: олармен күресудің жаңа тетіктері енгізіліп жатыр

«Таза қазақстан» экологиялық жобасы: Аралда ескі үйлерге де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.