Фото: “Аmanat” партиясы/ Оқу-ағарту минстрлігі
Парламент мәжілісінде “Аmanat” партиясының атынан жаңа депутат қосылады. Ол оқу-ағарту министрі болып тағайындалған Жұлдыз Сүлейменованың орнына келеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілді. Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Әбутәліп Мүтәлі — «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.