Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтарды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы Зауыт мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтаған болатын.Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді.Талап-арыздың мазмұны Зауытқа 37 га астам жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 құратын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты», — деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.
Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды.