Фото: Ортком
2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы лауазымына Лаззат Шыңғысбаева тағайындалды деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ол бұған дейін осы қорда Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған және көптеген мемлекеттік марапаттарға ие. Лаззат Шыңғысбаева қайырымдылық пен ҮЕҰ-ның дамуына үлес қосып, әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы ретінде танылған.
Қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары етіп, Серікбек Елшібековті «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайлады.
Қор басшылығы ауысқанына қарамастан, жұмыс қалыпты түрде жалғасатыны айтылды. Қамқоршылық кеңес басшылығындағы өзгерістер қайырымдылық қызметті дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Болат Жәмішев 2022 жылы осы лауазымға тағайындалып, үш жыл бойы «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорын басқарды. Өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін Болат Жәмішев қызметінен кетті.