Бүгін Орал қаласында Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету мақсатында Ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, өңірдің ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.