Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҚО Бөрлі ауданында Республика күні қарсаңында 108 орындық жаңа мектеп ашылды

23 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында Республика күні қарсаңында КПО компаниясының әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалары шеңберінде салынған 108 орындық жаңа жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мектеп оқушылардың білімі мен жайлылығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.

Жаңа ғимарат 12 заманауи оқу кабинетін қамтиды, оның 10-ы интерактивті тақталармен жабдықталған. Сондай-ақ, мектепте 2 шеберхана, информатика кабинеті, спорт залы, кітапхана, 70 орындық акт залы және 30 орындық асхана бар.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жаңа мектепте болып, мұғалімдерді, оқушылар мен олардың ата-аналарын осы маңызды оқиғамен құттықтады. Аймақ басшысы ауылдық жерлерде білім беру инфрақұрылымын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

«Президент ауылдық мектептерді жаңғырту және оларды қажетті жабдықтармен толық жабдықтау жөнінде нақты тапсырма берді. Бүгінде біз бұл жоспарлардың іс жүзінде қалай іске асырылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл жаңа мектеп балалар үшін білім мен дамудың орталығына айналсын. Ол оқушылардың алдында табысты болашақ үшін жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», — деді Нариман Төреғалиев.

Бөрлі ауданының білім саласының ардагері Роза Ахметова жаңа мектеп ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш екенін айтты.

“Жаңа мектеп ауыл балалары үшін қуаныш. Бұрындары олар ескі мектепте білім алып еді. Мемлекет басшысына ауылдық жерлерге көңіл бөліп отырғаны үшін алғысымызды білдіреміз”-деді Роза Ахметова.

КПО Б.В. компаниясы Бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев өз сөзінде облыстық әкімдікпен бірлескен жоба аясында компания ауылдық жерлерде осымен 15 мектеп салғанын атап өтті.

“Облыс басшысының бастамасы аясында 2023 жылдан бері ауылдық жерлерде мектептерді салу және жаңғырту жобасын қолға алып отырмыз. Ауыл балаларының сапалы білім алуы біз үшін маңызды. Бүгінгі мектеп компаниямыздың Батыс Қазақстан облысында салынған 15-ші мектебі”- деді Мұхтар Манкеев.

 

Айта кетейік, жаңа мектепте 29 педагог жұмыс істейді. Мектептің ашылуы ауылдық жерлерде білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта  БҚО-да Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 орындық 8100 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, КПО Б.В. компаниясының әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалары аясында 4 мектеп күрделі жөндеуден өтуде.

Оқылып жатыр

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.