Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді
  • Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
  • Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды
  • «Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды
  • Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды
  • Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды
  • Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды
  • «Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » БҚО Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілді

БҚО Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілді

1 Тамыз, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Осы орайда көктемгі су тасқыны салдарынан Бөрлі ауданы бойынша барлығы – 126 үй апатты деп танылды. Соның ішінде 66 тұрғын үй иелері үшін пәтерлер сатып алынып, қалған 60 үй иелері үшін тұрғын үй құрылыстары жүргізілді.

Нәтижесінде Ақсу ауылында – 23, Кеңтүбек ауылында – 11, Пугачев ауылында – 12, Аралтал ауылында – 14 тұрғын үйдің құрылысы үстіміздегі жылдың 22 мамыр күні басталып, жоспарға сәйкес 1 тамызға дейін аяқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға заң аясында тиісті көмектер көрсетілуде. Бүгінде тұрғындарға 100 АЕК біржолғы әлеуметтік көмек және дүние-мүліктері үшін 150 АЕК төлемдері толығымен өтелді.  Сонымен қатар су тасқыны зардабын тигізген үйлердің 90 пайызынан астамына тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді. Кеше ғана үйлерінен айырылып, қапыда қалған тұрғындар бүгін жаңа баспанаға ие болып жатыр. Қазіргі таңда облысымызда мыңнан астам баспана сатып алынып, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға берілді. Сонымен қатар, 775 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп, енді құрылысы аяқталған үйлердің халық игілігіне берілу сәтінің куәсі болып отырмыз», — деді өңір басшысы.

Құрылыс жұмыстары «Ақсайгазсервис» АҚ, «Ақжайық»,  «Демеу» қорлары және «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС демеушілігімен жүргізілді. Жалпы қаржыландыру көлемі 1,6 млрд. теңгені құрайды.

Пугачев ауылының тұрғындары Иманалиевтер отбасы  жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылуына орай, олар жаңа пәтердің иесі атанды.

«Пугачев ауылына 2006 жылы отбасымызбен көшіп келіп, үй салып алдық. Сол салған үйімізді наурыз айының аяғында тасқын су басты. Дегенмен, арада көп уақыт өтпей бүгін баспаналы болып жатырмыз. Жарық, кең 3 бөлмелі, үлкен, барлық жағдайы жасалған баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін», — деді Иманалиева Ақкенже.

Бүгінде Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілді.

Оқылып жатыр

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Соңғы жазбалар

«Сонша сынайтындай адам өлтірдім бе?»: Мәжіліс мінберінде анасын құттықтаған Назаров өз әрекетін түсіндірді

18 Қыркүйек, 2025

Діндер көшбасшыларының съезі: Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

18 Қыркүйек, 2025

Қырғызстандағы репрессия: биліктегі басшыларды жаппай қудалау басталды

18 Қыркүйек, 2025

«Отанын қорғауға кетіп еді…»: Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды

18 Қыркүйек, 2025

Маңғыстаудағы масқара жағдай: Есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі әкім орынбасары ұсталды

18 Қыркүйек, 2025

Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды

18 Қыркүйек, 2025

Ақ үйдің шұғыл мәлімдемесі: жолаушылар лайнерімен соғыса жаздаған Дональд Трамп ұшағы апатты жағдайда қонды

18 Қыркүйек, 2025

«Міңгірлеген мардымсыз жауап»: Сұхбатқа келіп тұрып, нақты жұмыстарын көрсете алмаған Бас мүфти тағы сынға қалды

18 Қыркүйек, 2025

«Қазақстанда қазақ жоқ екен»: Алматыға жолдастарын іздеп келген монғол жігіті ренішін қазақы қалжыңмен жеткізді

18 Қыркүйек, 2025

Астанада мейрамханадан өрт шығып, 8 пәтер жанып кетті

18 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.