Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

21 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған
  • Астанада ер адам көпірден секірмек болды
  • «Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты
  • 48 жастағы ер адам аттестат алды
  • «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті
  • Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр
  • Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды
  • Назарбаев мектебінен қуылған бала аттестат алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 21 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » БҚО Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілді

БҚО Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілді

1 августа, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Осы орайда көктемгі су тасқыны салдарынан Бөрлі ауданы бойынша барлығы – 126 үй апатты деп танылды. Соның ішінде 66 тұрғын үй иелері үшін пәтерлер сатып алынып, қалған 60 үй иелері үшін тұрғын үй құрылыстары жүргізілді.

Нәтижесінде Ақсу ауылында – 23, Кеңтүбек ауылында – 11, Пугачев ауылында – 12, Аралтал ауылында – 14 тұрғын үйдің құрылысы үстіміздегі жылдың 22 мамыр күні басталып, жоспарға сәйкес 1 тамызға дейін аяқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға заң аясында тиісті көмектер көрсетілуде. Бүгінде тұрғындарға 100 АЕК біржолғы әлеуметтік көмек және дүние-мүліктері үшін 150 АЕК төлемдері толығымен өтелді.  Сонымен қатар су тасқыны зардабын тигізген үйлердің 90 пайызынан астамына тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді. Кеше ғана үйлерінен айырылып, қапыда қалған тұрғындар бүгін жаңа баспанаға ие болып жатыр. Қазіргі таңда облысымызда мыңнан астам баспана сатып алынып, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға берілді. Сонымен қатар, 775 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізіліп, енді құрылысы аяқталған үйлердің халық игілігіне берілу сәтінің куәсі болып отырмыз», — деді өңір басшысы.

Құрылыс жұмыстары «Ақсайгазсервис» АҚ, «Ақжайық»,  «Демеу» қорлары және «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС демеушілігімен жүргізілді. Жалпы қаржыландыру көлемі 1,6 млрд. теңгені құрайды.

Пугачев ауылының тұрғындары Иманалиевтер отбасы  жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылуына орай, олар жаңа пәтердің иесі атанды.

«Пугачев ауылына 2006 жылы отбасымызбен көшіп келіп, үй салып алдық. Сол салған үйімізді наурыз айының аяғында тасқын су басты. Дегенмен, арада көп уақыт өтпей бүгін баспаналы болып жатырмыз. Жарық, кең 3 бөлмелі, үлкен, барлық жағдайы жасалған баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін», — деді Иманалиева Ақкенже.

Бүгінде Бөрлі ауданында су тасқынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілді.

Оқылып жатыр

Алакөл инфрақұрылымы жаңаша тыныс алды

Абай ауданының Дубовка ауылында абаттандыру қарқынды жүріп жатыр

Ұлытауда 500 литр қымыз тегін таратылды

Түркістанда аялдамалар тазаланды

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж түлектері үшін бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды

Соңғы жазбалар

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

21 Маусым, 2025

48 жастағы ер адам аттестат алды

21 Маусым, 2025

«Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті

21 Маусым, 2025

Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр

21 Маусым, 2025

Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды

21 Маусым, 2025

Назарбаев мектебінен қуылған бала аттестат алды

21 Маусым, 2025

70 жастағы қарт дәрігер ұсталды

20 Маусым, 2025

Ақшаңызды алыңыз: Зейнетақы қоры жар салды

20 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.