Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҚО-да тексеруден өткен 1150 үйдің 400-ден астамы тұруға жарамсыз деп танылды

29 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде 1 311 тұрғын үйге (Қаратөбе — 116, Сырым — 243, Бөрлі — 218, Теректі — 649, Бәйтерек — 62, Тасқала — 6, Орал қаласы — 17) залал келді.

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, 1 150 үйге техникалық тексеріс жүргізіліп, соның қорытындысы бойынша 413 үй (Қаратөбе — 90, Сырым — 114, Теректі — 81, Бәйтерек — 7, Бөрлі — 121) әрі қарай тұруға жарамсыз деп танылды.

Әлібек Сайынұлының сөзіне қарағанда, зардап шеккен тұрғындардан өтініштер әлі түсіп жатыр, осыған байланысты техникалық тексеріс жұмыстары жалғасуда.

«Тұрғын үйлер құрылысы орталық мемлекеттік органдармен бекітілген үлгілік жобалар негізінде жүргізіледі. Осы мақсатта екі эскиздік жоба жасақталды, бұл 3 бөлмелі 80 шаршы метрлік жеке тұрғын үй және екі пәтерлі 160 шаршы метрлік тұрғын үй. Тұрғын үйлер барлық инженерлік желілермен қоса, таза әрлеуде пайдалануға беріледі. Тұрғын үйлері жарамсыз деп танылған тұрғындарды баспанамен қысқа уақытта қамтамасыз ету үшін жұмыстанудамыз», — деді Ә.Антазиев.

Қазіргі таңда аталған аудандарда су баспайтын аймақтардан жаңа тұрғын үйлердің жер учаскелері анықталып, геология және топо-түсірілім жұмыстары жүргізілуде.

Сәйкесінше, бекітілген үлгілік жобалар негізінде байлам жүргізетін жобалаушы ұйымдар анықталды (Қаратөбе ауданы — «СтройКонсалтинг» ЖШС, Сырым ауданы — «Shine Project» ЖШС, Теректі ауданы — «Smаrtech» ЖШС, Бөрлі ауданы — «ЕвроПлюс»), және алдағы уақытта үй салатын жергілікті мердігер ұйымдар тізбесі жасақталды. Дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Басқарма басшысының айтуынша, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойды.

Осы меморандум аясында қор қаражаты есебінен үлгілік жоба негізінде 114 тұрғын үй салынады.

«Қалған аудандарда жарамсыз деп танылғандардың орнына жаңа үйлерді „ҚПО б. в.“ компаниясы, жергілікті бизнес өкілдері және қайырымдылық қорларынан жиналған қаражат есебінен салу жоспарлануда. Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес, тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстары мамыр айында басталып, жылыту маусымына дейін аяқталатын болады. Үйлері жарамсыз деп танылған тұрғындар баспанасыз қалмайды, мемлекет тарапынан барынша көмек беріледі», —  деді Ә.Антазиев.

 

400ден астамы БҚОда деп жарамсыз танылды тексеруден тұруға үйдің Өткен

Оқылып жатыр

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.