Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҚО-да жергілікті басқарма бітпеген жұмысы үшін мердігерге 44 млн теңге аударған

14 марта, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

БҚО-да облыстық басқарма құйтырқылыққа басып, бюджеттің 44 млн теңгесін мердігер компанияға аудартып жіберген. Бұл деректі жергілікті ерікті, «Әділдік жолы» РҚБ БҚО филиалының басшысы Бауыржан Зәки мен «Күн жарығы» мемлекеттік сатып алу мониторингі қоғамдастығының сарапшысы Арман Ахметқалиев анықтаған. Оны белсенділер әлеуметтік желіде жазды.

Қоғамдық белсенділер мониторинг жүргізу барысында мынадай заңбұзушылық анықтағандарын жазды: «Айдана» ЖШС-ның жол жөндеген аумағында көлденең және параллель жырықтар мен ойықтар пайда болған. Жолдың жартысы мен жиегі бітпеген. Ол аздай, 1 жылдан кейін жаңа асфальт жұрттың көз алдында бұзылып жатыр.

Қоғамдық ұйым өкілі бұл мәселені түбегейлі қарастырып, мына жағдайға көз жеткізген: Goszakup.gov.kz сайтында 2021 жылдың 7 шілдесінде жол басқармасы мен «Айдана» ЖШС арасында 828 миллион теңгеге келісім жасалады. Келісім бойынша, компания Федоровка-Ақсай жолының 28-43 шақырым аралығын орташа жөндеу керек.

Ал былтыр 12 тамызда ревизиялық комиссия мынаны хабарлады: аудит барысында жол басқармасының мердігерге бітпеген жұмыстарға, нақтылап айтқанда, аяқталмаған 6 652 метр жол жиегі үшін ақша аударғаны анықталған. Сөйтіп, «Айдана» ЖШС былтыр 31 қазанда ол қаражатты бюджетке қайтарған. Ал ЖШС-ның өзін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызды уақтылы бермегені үшін Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылдың 8 желтоқсанында басқарма басшысы Айдар Менеевке ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша 51,7 мың теңге айыппұл салған.

Аудиттен кейін «Айдана» ЖШС 380 метр асфальт төсейді. Одан соң ревизиялық комиссия желтоқсанның 14-інде тексеру материалдарын Антикорға жолдайды. Ал Антикор басқарма басшысы Айдар Менеев пен оның орынбасары Әлия Қабеноваға және аталған ЖШС-ның директоры Армен Амирханянға қатысты іс қозғалмағанын хабарлады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің биылғы 22 ақпандағы жауабына қарағанда, тексеру барысында басқарма басшысының орынбасары А.Қабенова тарапынан заңбұзушылық фактілері анықталмаған. Өйткені төлемді тексеруді қарастыру А. Менеевтің құзырына жатады. Ал нысан бойынша төлемдерге департамент директорының бұрынғы орынбасары Т.С. Шиниязов қол қойған.

Қоғамдық ұйым өкілі бұл жерде жалған атқарылған іс құжаттарына қол қойылып, бітпеген жұмыс үшін «Айдана» ЖШС-ға бюджеттен 44 миллион төлеуге жағдай жасалған деп есептейді. Нақты айтқанда, «Теректі ауылы-Ақсай қаласы» тасжолының жасалмаған бөлігі үшін ақша аударылған деген ұстанымда. Сондықтан БҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінен жол басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары, қазіргі Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шыниязовқа қатысты тәртіптік іс қозғауды, БАҚ өкілдерін тарта отырып, істі Әдеп жөніндегі кеңесте қарауды сұрап отыр.

 

аударған бітпеген басқарма БҚОда жергілікті жұмысы мердігерге млн теңге үшін

Оқылып жатыр

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

Соңғы жазбалар

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.