Бүгін Батыс Қазақстан облысына су тасқынына қарсы күреске көмектесу үшін арнайы және инженерлік техника жөнелтілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Алматы облысынан 150-ден астам техника, оның ішінде тиеу, инженерлік, жүк және су таситын техникалары және моторлы қайықтар жөнелтілді. Алматы, Жетісу облыстары және РЖҚЖ техникалары мен жеке құрамы БҚО-ға көмекке аттанды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы ТЖД жеке құрамы Атырау және Абай облыстарында жұмыс жүргізуде.