Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҚО өңіріне 10 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды

12 апреля, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Үкіметтің баспасөз қызметі басты мәселе – су тасқынының екінші толқыны қарсаңында батыс өңірлердегі жағдай екенін мәлімдеді. Вице-премьер, Штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Ресей Федерациясынан Жайық өзені арқылы көлемді судың күтіліп отырғаны туралы баяндады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Сақмар өзенінің деңгейі көтеріле бастады. Болжам бойынша, Жайық және Сақмар өзендерінің жоғарғы жағынан сәуір айының екінші онкүндігінде Батыс Қазақстан облысының аумағына су келеді. Қазіргі уақытта Орал қаласындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі – 728 см, ол 850 см қауіпті межеге жақындайды деп болжанып отыр.

Батыс Қазақстан облысынан судың келуіне байланысты Атырау облысында өткен тәулікте Жайық өзеніндегі гидробекеттерде де су деңгейінің шамалы көтерілуі байқалады. Сәуірдің үшінші онкүндігінде үлкен судың келуі күтіледі.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша оның Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына жұмыс сапарларының қорытындысына сәйкес әкімдіктердің, ТЖМ, ІІМ және Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Батыс Қазақстан облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштік құрылымдар 6 мың адамға, Атырау облысында 4 мың адамға дейін жеткізіледі. Еліміздің әр өңірінен 4 мыңға жуық техника жіберілді.

Премьер-министр Қорғаныс және Ішкі істер министрлеріне қажет болған жағдайда қосымша жеке құрам мен техника жіберуді тапсырды.

«Орал мен Атырау бойынша күштер мен құралдарды барынша жұмылдыру қажет. Қазір үлкен суды елді мекендерге жеткізбей, бұрып әкету маңызды. Бүгін қосымша әскери қызметшілер мен техника жіберіле бастады. Су ағысының қарқынын ескере отырып, бірінші кезекте Оралды, одан әрі Атырауды күшейтеміз», — деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы екі облыс әкімдіктеріне келген әскери қызметшілерді барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ техникаға жанармай құю мәселесін шешу жөнінде тапсырма берді.

Бүгінгі таңда сегіз облыста жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жалғасуда. Су басқан аймақтардан барлығы 97 мың тұрғын эвакуацияланды. 11 сәуірдегі жағдай бойынша Павлодар және Абай облыстарында су тасқыны жағдайының тұрақтануына байланысты ТЖ режимдері алынып тасталды.

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

 

астам БҚО жұмылдырылды мыңнан қызметші Әскери өңіріне

Оқылып жатыр

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

Соңғы жазбалар

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.