Embraer 190 ұшағының қара жәшіктері Бразилияға жеткізілді
Бразилияда Embraer 190 әуе кемесінің қара жәшіктерін расшифровкалау жұмыстары басталды. Бұл ұшақ 25 желтоқсанда Актау маңында апатқа ұшыраған болатын. Тиісті жұмыстарға Бразилияның Әскери-әуе күштері (FAB) мамандары қатысуда.
Бразилиялық БАҚ-тың мәліметінше, қара жәшіктер 27 желтоқсан күні елге жеткізілген. Келесі күні мамандар деректерді расшифровкалауды қолға алды. Анықталған ақпарат Қазақстанның Авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасына жіберіледі.
Қазақстан Президенті шешімді әділ деп атады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қара жәшіктерді Бразилияға жіберу туралы шешімді қолдады. Бұл шешімді мемлекет басшысы «объективтілік пен бейтараптылықты қамтамасыз етудің жалғыз дұрыс жолы» деп атады.
«Қара жәшіктерді өндірілген елге жіберу үкіметтік комиссияның әділ шешімі деп есептеймін. Бұл оқиғаның барлық қыр-сырын анықтауға көмектеседі,» – деді Президент «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында.
Апат туралы қысқаша мәлімет
AZAL авиакомпаниясының Баку – Грозный бағытында ұшып бара жатқан Embraer 190 жолаушылар ұшағы 25 желтоқсанда Ақтау маңында құлаған. Ұшақта болған 67 адамның 38-і қаза тапты, 29 жолаушы аман қалды. Алдын ала болжам бойынша, апаттың себебі физикалық және техникалық сыртқы әсерлер болуы мүмкін.