Фото: instagram.com/ochooou_official
Әнші әрі актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында өз шығармашылығын қолдап жүрген көрермендеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге үлкен алғыс айтамын. #Ыстықұя фильмі – жай ғана драма емес, қоғамның бір айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рахмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызықты болмақ», — деп жазды актер.