Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Бүгін қасиетті Қадір түні: мұсылмандар бұл түні не істемеу керек?

26 марта, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінгі күн мұсылмандар үшін өте маңызды және қасиетті — Қадір түні. Бұл түн басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған жете алмайды. Сондықтан атына заты сай «Қадір түні» деп аталған.

Қадір түнінде Құран Кәрім түсе бастаған. Құранның «Қадір» сүресінде Алла Тағала: «Біз Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні барлық іс үшін Раббыңның рұқсатымен періштелер мен Жәбірейіл рухы түседі. Таң атқанша тыныштық орнайды» деп айтады.

Бұл аят Қадір түнінің адамзат үшін өте маңызды екенін көрсетеді. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз сүннетінде мұсылмандарды Рамазан айының соңғы он күнінде Қадір түнін іздеуге, оның сыйын табуға және осы түнде құлшылық етуге шақырған Todayinfo ақпараттық порталы Ислам қағидаттары бойынша Қадір түнін әр мұсылман адам қалай өткізуі қажет екенін жазады.

Дұға жасау: Бұл түнде Алла Тағала құлдарын кешіріп, олардың тілектерін қабыл етеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қадір түнінде дұға жасап, Алладан кешірім сұрауды ұсынған. Бұл түні Алладан тілектерді сұрап, шын жүректен дұға жасап, кешірім тілеу өте маңызды.

Истиғфар (кешірім сұрау): Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Кім Қадір түнін иманмен және сауап күтіп тұрып өткізсе, оның барлық күнәлары кешіріледі» деп айтқан. Айша анамызға (р.а.) «Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни» (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кешір) деген дұғаны айтуды үйреткен. Сол себепті, Қадір түнінде барлық қателіктеріміз үшін Алладан кешірім сұрау аса маңызды.

Қайырымдылық жасау: Қадір түнінде қайырымдылық жасау — үлкен сауапқа кенелтеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұсылмандарды қайырымдылыққа шақырған. Бұл түні мұқтаждарға көмек көрсету және қолдау көрсету өте маңызды.

Зікір айту: (Алланы еске алу): Қадір түнінде Алланы көп еске алып, зікір айту керек. «Субханаллах», «Аллаху Акбар», «Әшһаду ән лә иләһә иллаллах» деген сөздер жүректерді тазалап, Алланың рақымына жақындатады.

Тақ түндерді күту: Рамазан айының соңғы он күнінде Қадір түні болатынына үміттеніп, тақ түндерде ерекше құлшылық жасауға көңіл бөлу керек.

Қадір түнінде жасалған дұға мен тілектер қабыл болады. Бұл түнде ғибадат жасап, нәпіл намаз оқып, Аллаға жақындататын амалдар жасау керек. Құран оқу, барлық мұсылмандар үшін дұға ету, күнәлардан тәубе ету және уағыз-насихат тыңдау — Алла Тағаланың кешірімі мен мейіріміне жетудің төте жолы.

Фото: muftyat.kz

дін мұсылмандар Рамазан айы Қадір түні

Оқылып жатыр

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.