Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады
  • «100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды
  • Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті
  • Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар
  • «Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты
  • Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)
  • Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі
  • Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 20 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Бүгін қазақ киносының күні: соңғы бес жылда 103 картинаның өндірісі аяқталған

Бүгін қазақ киносының күні: соңғы бес жылда 103 картинаның өндірісі аяқталған

12 Қыркүйек, 2024 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін қазақ күносының күні. Киногерлер бұл күнді 2005 жылдан бастап тұрақты түрде атап өтіп келеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алғашқы қазақ киносы ретінде «Амангелді» фильмі саналады. «Ленфильм» студиясында түсірілген картина ұлт батыр Амангелді Иманов туралы болды. Режиссері — Марк Левин, ал Амангелдінің рөлін актер Елубай Өмірзақов ойнады.Осылайша, қазақтар туралы түсірілген алғашқы фильм дүниеге келді. 1941 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласында фильмдердің түсірілімімен Көркем және деректі фильмдер студиясы айналыса бастады. Кейіннен ол «Қазақфильм» болып өзгертілді.

Қазақстан кинематографистері одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков 2005 жылы 12-қыркүйекті  «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынды. Содан бастап бұл дата жыл сайын атап өтіліп келеді.

«Бүгін – біз үшін ерекше күн, қазақ киносының күні. Отандық киноны дамытуға тәуелсіздік алғалы бері зор қолдау көрсетілгені белгілі. Осы мақсатта Ұлттық кино орталығы құрылды. Биыл 5 жылдығын атап өткен орталықтың қолдауымен 103 картинаның өндірісі аяқталыпты. Оның 68-і – көркем, 26- сы – деректі, 8-і – анимациялық фильмдер. Жыл соңына дейін тағы 16 фильмнің өндірісі аяқталады», -деді  Ұлттық киноны қолдау орталығының төрағасы Құрманбек Жұмағали.

2023 жылы басталған картиналардың ішінде Қазақстаннан бөлек, Франция, Нидерланды, сондай-ақ Литва Республикасы қаржыландыратын бірлескен фильмдер бар. Олар келесі жылы аяқталуы тиіс.

«Біз ТМД елдерінде де, Еуропада да көрермен жүрегін жаулап алатын сапалы өнім шығарамыз деген үміттеміз. Келер жылдың еншісіне тағы бірқатар картина түсіп тұрғаны да көңіл қуантады. Бастысы, көрермен жарқын жобаларымызға оң баға беріп жатыр. Оған толықметражды «Дос-Мұқасан», «Патриоттар уақыты», «Вurkit» экшн фильмі дәлел. Бұдан бөлек, биыл прокатқа шыққан «Алматы, я люблю тебя!», «Адам и Алма», «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Стоп, ночь», «Соңғы үкім» фильмдерін көрермен жылы қабылдады. Бұдан бөлек те бағындырған биігіміз бөлек. Мұның барлығы ортақ еңбектің, шығармашылықтың шоқтығын көтеріп, ұлттық киноны, қазақ киносын дамытсам деп жүрген киногерлерлердің маңдай тері. Мереке құтты болсын, өздеріңіз сияқты көзіқарақты көрермен барда, қазақ киносының мәртебесі биіктей түспек!», -деді Ұлттық киноны қолдау орталығының төрағасы.

Атаулы күндер:

1941 жылы Қазақ КСР-нің Халық комиссарлары кеңесінің №762 қаулысына сәйкес Алматы (көркем фильмдер) киностудиясы құрылып, 1960 жылы атауы «Қазақфильм» болып ауыстырылды. 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).

2017 жылы Қазанда өткен ХІІІ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің қорытындылары бойынша актер Дулыға Ақмолда «Оралман» фильміндегі еңбегі үшін үздік актер атанды.

2022 жылы екі қазақстандық фильм Қазандағы халықаралық мұсылман кинофестивалінде жүлде алды. «Көрермендер сыйлығы» Татарстан мен Қазақстанның бірлескен жобасы – «Тарлан» фильміне берілді. Қазылар алқасының арнайы жүлдесі «Мұқағали» (Қазақстан) фильміне бұйырды. Мұқағали Мақатаевқа арналған фильм оның өмірінің соңғы жылдарын баяндайды. Жүлдені «Мұқағали» фильміндегі басты кейіпкерді сомдаған актер Асланбек Жанбалаев алды.

 1

Оқылып жатыр

«Балаларға ырым-тыйымдар үйретілмейді»: құқықтық сауаттылықтың қайнар көзі назардан тыс қалған

Қазақтілді кино қайраткерлері жүйелі түрде назардан тыс қалып отыр ма?

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

«Ақысын төлесе, боқысын шығарады»: Ерлан Төлеутай қазақтың дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімнің жалдамалы блогер екенін жазды

Кенесарының шөпшегі Шәді төре һәм жиені Шәмші Қалдаяқов

Туннельдің қазақша атауы табылды

Соңғы жазбалар

Мәжіліс депутаты Түркістанда «REWOMEN» әйелдер кеңесімен реформаларды талқылады

20 Қыркүйек, 2025

«100 млн теңге жұмсадым»: Гиннестің рекордына ену үшін Мың түйе керуені ұйымдастырылды

20 Қыркүйек, 2025

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

20 Қыркүйек, 2025

Қала күні қарсаңында: Алматының тазалығына үлес қосқан көрінбейтін батырлар

20 Қыркүйек, 2025

«Тазалық өмір салтымызға айналсын»: әлем чемпиондары «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, саябақты тазалап шықты

20 Қыркүйек, 2025

Backstreet Boys сахнадан Алматыны туған күнімен құттықтады (видео)

20 Қыркүйек, 2025

Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі

20 Қыркүйек, 2025

Қазақстан азаматы тікелей эфирде боқтаймын деп соттан бір-ақ шықты

20 Қыркүйек, 2025

Активтерді қайтару: Бас прокурор олигархтармен келісімдер туралы айтты

20 Қыркүйек, 2025

«Ұрланған гранит, орға түскен машина»: ашуға мінген Дархан Сатыбалды аудан әкімінің орынбасарын қызметтен қуып жіберді

19 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.