Астана, Алматы мен Шымкенте 26 қаңтар күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бүгін Алматыда бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 0 градусқа дейін көтеріліп, түнде -17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с болмақ.
Астанада да күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -8 градусқа дейін жылынып, түнде -23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,6 м/с болады.
Шымкентте де бүгін бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны 3 градусқа дейін жоғарылап, түнде -5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с деңгейінде болмақ.