Қазақстандық футболшы Әлішер Келгенбай қажылықта жүрген видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары видеода Қағбаны сүйюге таласып, бірінің үстіне бірі шыға жаздаған адамдардың әрекетін сынады, деп хабаралайды Todayinfo.
«Бактерия көп емес пе, барлығы сүйіп тастаған», «бәрі сүйіп жатыр, бірінің ауруы екіншісіне жұғады ғой», «бүкіл бактерия сол жерде», «таласып сүйген дұрыс па, неге кезекке тұрмасқа», кешіріңдер, бірақ бірінің сілекейі тиген жерді екіншісі келіп сүйгені артық емес пе?», деген пікірлер жазды көпшілік.
@todayinfokzҚазақстандық футболшы Әлішер Келгенбай қасиетті Меккеде жүрген видеосын жариялады. Қажылыққа барған адамдардың әрекеті көпшіліктің сынына ұшырап жатыр. Қасиетті Қағба тасын айналған кезде адамдар Қағбаны сүю үшін бірінің үстіне бірі міне жаздаған. Оның бәрін Әлішер Келгенбай видеоға түсіріп тұрған. Оның видеосын желідегі оқырмандары қатты сынаған. «Қажылыққа кім болса, сол бара беретін болған ба? Кезінде Құраннан хабары бар, намазға жығылған нағыз мұсылман жандар баратын еді. Ең таза Қағбаны да ластап жатсыңдар ма? Қазір ақшасы бар адамдар ғана барады. Құдай сақтасын, мыналар дәреже көріп жур ғой, адамдарды тапалап бұлай тасты ешкім суймеген», — деп жазды желі қолданушылары.